Алынды: 12.06.2026
Қабылданды: 26.06.2026
Онлайн жарияланды: 30.06.2026
ӘОЖ: 616-002.5-07-074:616.98:578.828:616.94(048.8)
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.23.75.004
АИТВ БАР ПАЦИЕНТТЕРДЕ МИКОБАКТЕРИЕМИЯ ЖӘНЕ СЕПСИС КЕЗІНДЕ
ЛАМ-ТЕСТІНІҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ (ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)
Муздубаева Б.Т.
ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, Алматы, Қазақстан
Кіріспе. Туберкулез (ТБ), АИТВ инфекциясы және сепсис араласқан кезде өлім-жітім өте жоғары және тіпті қазіргі заманғы микробқа қарсы препараттарды қолдану аясында да 30% -дан 40% -ға дейін құрайды. Аурудың қарқынды дамуы 10-30 күн ішінде болады. Туберкулезге қарсы стандартты емдеудің дереу (эмпирикалық) басталуы кезіндегі өлім-жітім деңгейі – 12% -ды құрайды.
Туберкулездің микобактериясы ауыр жағдайда мұндай пациенттерде сепсис тудыратын басты патогенге айналады. Микобактериемия айқын көрінген иммун тапшылығы бар пациенттерде (әсіресе CD4 <100 кл/мкл деңгейінде АИТВ инфекциясы аясында) ауыр сепсис пен септикалық шок дамуының тікелей триггері және жетекші этиологиялық факторы болып табылады. Толық ауқымды клиникалық зерттеулер (мысалы, ATLAS, 2026) Mycobacterium tuberculosis АИТВ-ассоциацияланған сепсисі бар пациенттердің 52% астамының қанында басты жасырын патоген болып табылатынын растайды. АИТВ/ТБ-мен ауыратын пациенттердің сепсистен өлім-жітімінің жоғары болуы диагностиканың жедел-әдістерін енгізу қажеттілігін талап етеді. Бұл проблеманың перспективалық шешімі жоғары жылдамдық пен қолжетімділікті үйлестіретін ілмекті изотермиялық амплификация (ЛАМ-тест) әдісі болып табылады. Зерттеудің мақсаты. АИТВ инфекциясы бар пациенттерде туберкулездік бактериемияны ерте анықтау үшін зәрде липоарабиноманнанға (LAM) арналған тестіні қолданудың диагностикалық құндылығын бағалау.
Материалдар мен әдістер. Мақала ғылыми әдебиетті шолуды талдау нәтижелерін ескере отырып жазылған. Мақалада клиникалық және эпидемиологиялық талдауларды қамтитын ғылыми тәсілдер мен әдістер кешені пайдаланылды. Мақалаға АИТВ-позитивті ересектерде белсенді туберкулезді (өкпе және өкпеден тыс), туберкулез сепсисін диагностикалау үшін LF-LAM тиімділігін бағалаған рандомизацияланған зерттеулер, көлденең және байқау когорталық зерттеулер енгізілді.
Нәтижелер. Зерттеулер көрсеткендей, тестінің сезімталдығы иммундық мәртебеге тікелей байланысты: CD4 <50 кл/мкл (75-90%дейін) деңгейінде ең жоғары. Қақырық микроскопиясының теріс нәтижесі кезінде LF-LAM тесті ауыр иммуносупрессиясы бар адамдарда қосымша 25% жағдайда туберкулезді анықтауға мүмкіндік береді. LF-LAM оң нәтижесі 99,4% жағдайда туберкулез немесе микобактериоз диагнозымен расталады. ДДҰ-ның клиникалық ұсынымдарында және ұлттық басшылықтарда зәрдегі LAM-тест (әсіресе LF-LAM) нақты клиникалық синдромның таңбасы ретінде емес, осал топтар арасында өлім-жітімді азайтуға арналған жылдам скрининг құралы ретінде ғана орналастырылады. Талқылау. Туберкулездік сепсистің ағуы жылдамдығымен (10-30 күн бұрын манифестация) және симптомдардың атиптілігімен ерекшеленеді, сондықтан оны жиі бактериялық сепсиспен немесе іш сүзегімен шатастырады. АИТВ инфекциясы кезінде (әсіресе ЖИТС сатысында CD4+ 200 кл/мкл төмен лимфоциттер деңгейінде) туберкулездік сепсис медицинада жіті туберкулездік сепсис ретінде жіктелетін генерализацияланған гематогендік туберкулез түрінде өтеді (тарихи атауы – Ландузи тифобациллезі). LAM-тестінің оң нәтижесі себу нәтижелерін күтпей-ақ туберкулез пен сепсисті емдеуді дереу бастау үшін тікелей негіз болып табылады. Туберкулез процесінің генерализациясы антигеннің қан айналымына шығуымен және кейіннен зәрге сүзілуімен қатар жүреді, бұл тестті шашыранды туберкулез маркеріне айналдырады. Теріс тест ТБ-ны 100% жоққа шығармайды, сондықтан клиникалық күдік сақталған кезде басқа да зерттеулерді (қақырық ПТР, егістер) жалғастыру керек.
Қорытынды. ТВ-LAM-тест иммун тапшылығы сатысындағы АИТВ жұқтырған пациенттерде, әсіресе CD4+-Т-лимфоциттер саны 100 жасушаға/мкл-ге ≤ белсенді микобактериалдық инфекцияларды анықтау үшін тез, ерекше және орындалуы оңай зерттеу әдісі болып табылады. Диагностиканың бұл әдісі мұндай пациенттердің бейінді емес стационарда болу уақытын барынша қысқарта және этиотроптық терапия тағайындалғанға дейінгі мерзімді қысқарта отырып, микобактеримемияны ерте емдеуге жатқызу мерзімінде анықтауға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: АИТВ инфекциясы, туберкулез, LAM- тест, сепсис.
