АНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ТУБЕРКУЛЕЗ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ COVID-19-2020-2021 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Авторы

  • admin admin

Ключевые слова:

Қызылорда облысындағы туберкулез, COVID-19 пандемиясы кезіндегі туберкулез, эпидемиологиялық көрсеткіштер динамикасы

Аннотация

Эпидемиологиялық көрсеткіштердің динамикасы талданды: туберкулезбен аурушаңдық (ТБ), туберкулезден болатын өлім-жітім, 0-17 жас балалар арасындағы туберкулезбен ауыратын жаңадан анықталған науқастардың клиникалық құрылымы, туберкулезбен АИТВ қосарланған жаңадан анықталған науқастар санының динамикасы (Туберкулез/АИТВ инфекция), диспансерлік бақылауда тұрған КДТ туберкулездің жұқпалы түрінің  динамикасы. Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдайдың үздіксіз жақсаруы аясында (туберкулезбен ауыру, туберкулезден болатын өлім-жітімнің төмендеуі) 0-17 жас аралығындағы балалар арасында жаңадан анықталған туберкулезбен ауыратындардың клиникалық құрылымының нашарлағаны анықталды, 2017-2018 жылдармен 2020-2021 жылдарды салыстырғанда., «Өкпелердің іріңді қабынуы» және «Милиарлы туберкулез» сияқты клиникалық түрлерінің пайда болуын байқауға болады. Сондай-ақ 2017-2018 жылдармен 2021 жылды салыстырғанда жаңадан анықталған туберкулез/АИТВ-мен ауыратындар санының және 2021 жылы туберкулез таяқшасын бөлетін  науқастардың санының артуы анықталды.

Опубликован

2023-03-02