ҚАЗАҚСТАНДА 2020-2024 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ҮРДІСТЕРІ МЕН ӨҢІРЛІК АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

Поступила в редакцию: 18 августа 2026 г.

Редакцияға келіп түсті: 2026 жылғы 18 тамыз
Жариялауға қабылданды: 2026 жылғы 23 қыркүйек
Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 30 қыркүйек
ӘОЖ: 616-002.5-036.22(574)
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.46.76.015

 

ҚАЗАҚСТАНДА 2020-2024 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ҮРДІСТЕРІ МЕН ӨҢІРЛІК АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

 

Айтамбаева Н.Н.¹, Арингазина А.М.², Назарова Л.З.¹, Абдирова Т.М.¹, Усербаева Г.М.¹, Попова Т.В.¹, Бердиярова Г.С.¹, Сарсенбаева М.З.¹, Касымова А.⁴, Исенова Б.И.¹, Нарымбаева Н.Н.¹, Сыдыкова Б.К.¹, Сактапов А.К.¹˒³,

Светланова Ш.М.¹, Амандикова Н.⁵

1Қазақстандық медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі», Алматы, Қазақстан

2Алматы Менеджмент Университеті, Алматы қ., Қазақстан

3Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

⁴ Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медициналық колледж» КМК, Алматы қ., Қазақстан

5 Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ., Қазақстан

 

Кіріспе. Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық жалпы төмендегенімен, өңірлер арасындағы айырмашылықтар сақталуда. 2020–2024 жылдардағы деректер COVID-19 пандемиясы және одан кейін денсаулық сақтау жүйесінің қалыпты жұмысына қайта оралу кезеңіндегі өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты. 2020–2024 жылдары Қазақстан Республикасында туберкулезбен сырқаттанушылық динамикасын және өңірлік айырмашылықтарын бағалау.

Материалдар мен әдістер. Ретроспективті сипаттамалық-талдамалық эпидемиологиялық зерттеу жүргізілді. 2020–2024 жылдарға арналған «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің ресми деректері пайдаланылды. 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіштері талданды. Сипаттамалық статистика, рангілік талдау, жылдар арасындағы өзгергіштікті бағалау және екі факторлы дисперсиялық талдау (ANOVA) қолданылды. Айырмашылықтар p<0,05 деңгейінде статистикалық мәнді деп есептелді.

Нәтижелері. Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 2020 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 35,7-ден 2024 жылы 33,3-ке дейін, яғни 6,7%-ға төмендеді. Өңірлер арасында (F(20,74)=21,57; p<0,001) және бақылау жылдары бойынша (F(4,74)=5,17; p=0,001) статистикалық мәнді айырмашылықтар анықталды. Толық бес жылдық деректері бар өңірлер арасында ең жоғары орташа көрсеткіштер Атырау және Қызылорда облыстарында тіркелді. 2022 жылы құрылған өңірлердің ішінде Ұлытау облысында жоғары деңгей байқалды. Ең төмен көрсеткіштер Алматы қаласы мен Түркістан облысында тіркелді. Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылғы көрсеткіш 2020 жылғы деңгейден 10,8%-ға жоғары болды.

Талқылау. Республика бойынша төмендеу айқын болған жоқ және өңірлер арасындағы елеулі айырмашылықтармен қатар жүрді. Бұл айырмашылықтардың себептерін осы зерттеу деректерімен анықтау мүмкін емес, өйткені әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және клиникалық факторлар талдауға енгізілген жоқ.

Қорытынды. 2020–2024 жылдары Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 6,7%-ға төмендеді. Өңірлер арасындағы айырмашылықтар сақталды. Ең жоғары көрсеткіштер Атырау және Қызылорда облыстарында байқалды, ал Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылғы көрсеткіш 2020 жылғы деңгейден жоғары болды.

Түйінді сөздер: туберкулез; сырқаттанушылық; эпидемиология; өңірлік айырмашылықтар; Қазақстан.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *