Редакцияға келіп түсті: 2026 жылғы 4 маусым
Жариялауға қабылданды: 2026 жылғы 19 шілде
Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 30 қыркүйек
ӘОЖ: 616.24-002.5-06:616.34-002-022:615.281
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.12.70.011
КРОН АУРУЫНДАҒЫ ИММУНОСУПРЕССИВТІ ЕМ АЯСЫНДА ЖАЙЫЛҒАН ТУБЕРКУЛЕЗ: ЖАСЫРЫН (ЛАТЕНТТІ) ТУБЕРКУЛЕЗ ИНФЕКЦИЯСЫНА СКРИНИНГ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫҢ БОЛМАУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ САЛДАРЫ (клиникалық жағдай)
Шужеев Б.С1., Кесебаев Т.К.1, Ракишева А.С.2
1 ҚР ДСМ Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы, Алматы, Қазақстан
2 «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазақстан
Кіріспе: Крон ауруы (КА) — иммундық реттелудің бұзылуымен сипатталатын ішектің созылмалы қабыну ауруы. КА бар пациенттер инфекциялық асқынулардың, соның ішінде туберкулездің (ТБ), әсіресе иммунсупрессивті терапия қолданған кезде, жоғары қаупіне ұшырайды. Латентті туберкулездік инфекцияға (ЛТИ) скринингтің және тұрақты мониторингтің уақытылы жүргізілмеуі ТБ-ның жайылған түрінің дамуына ықпал етуі мүмкін, бұл ауру болжамын нашарлатып, емделетін осы аурудан болатын өлім-жітімді арттырады.
Зерттеудің мақсаты: Крон ауруы бар пациенттерде ЖТИ-ға скринингтің уақтылы жүргізілмеуі мен профилактикалық емнің болмауының клиникалық салдарын бағалау, сондай-ақ қатар жүретін патологиясы бар пациенттерде туберкулездің жайылған түрлерінің даму қауіп факторларын анықтау.
Материалдар және әдістер: Пациенттен жеке деректерін көрсетпей, осы клиникалық жағдайды сипаттау және жариялау үшін ерікті ақпараттандырылған келісім алынды. Пациентті тексеру бекітілген алгоритм бойынша жүргізілді. Туберкулезге қарсы ем аясында науқаста ішек өтімсіздігі дамып, перитонитпен асқынды, осыған байланысты лапаротомия жасалып, көлденең ішектің соңғы трансверзостомасы шығарылды, іш қуысы санацияланып, дренаж қойылды. Алайда операциядан кейінгі кезеңде жағдай динамикалық жіңішке ішек өтімсіздігі және жайылған фибринозды-іріңді перитониттің дамуымен асқынды. Операциялық материалдың гистологиялық зерттеуі ҚР ДСМ Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының патоморфологиялық зертханасында жүргізілді.
Нәтижелер: Ішек туберкулезінің диагностикасы күрделі болғанына қарамастан, онда шешуші рөлді операциялық материалдың гистологиялық зерттеуі атқарды, дәріге төзімді туберкулезге қарсы жүргізілген емнің тиімділігіне қол жеткізілді.
Талқылау: Ұсынылған клиникалық жағдай Крон ауруы бар пациентте ішек туберкулезін диагностикалаудың күрделілігін көрсетеді. Туберкулезге қарсы ем жүргізілгеніне қарамастан, ауыр асқынулар дамып, шұғыл хирургиялық араласуды талап етті. Операциялық материалдың гистологиялық зерттеуі ішек туберкулезі диагнозын растауда шешуші рөл атқарып, емді түзетуге және оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл клиникалық жағдай иммуносупрессивті терапия алатын пациенттерде, әсіресе қауіп факторлары болған жағдайда, туберкулезге қатысты жоғары қырағылықтың қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, иммуносупрессияны бастар алдында жасырын туберкулездік инфекцияға уақтылы скрининг жүргізудің және анықталған жағдайда профилактикалық ем тағайындаудың маңыздылығын айқындайды. Күрделі дифференциалды-диагностикалық жағдайларда, соның ішінде ішек туберкулезіне күдік болғанда, гистологиялық зерттеуді қамтитын кешенді тәсіл қажет. Гастроэнтерологтар, хирургтар, фтизиатрлар және морфологтардың мультидисциплинарлық өзара әрекеттестігі ем тактикасын оңтайландыруда маңызды рөл атқарады.
Бұл клиникалық жағдай қабынбалы ішек аурулары бар және иммуносупрессивті терапия алатын пациенттерде туберкулезді диагностикалау мен емдеудің нақты алгоритмдерін әзірлеу қажеттігін көрсетеді.
Қорытынды: Бұл клиникалық жағдай иммуносупрессивті терапия басталғанға дейін туберкулезге және туберкулез инфекциясына міндетті скринингтің және ішектің қабыну аурулары бар науқастарда тұрақты мониторингтің қажеттілігін көрсетеді. Жасырын туберкулез инфекциясын уақытылы диагностикалау аурудың ауыр түрлерінің даму қаупін едәуір арттырады және болжамды нашарлатады. Ішектің қабыну аурулары (IBD) бар емделушілерде скринингтік хаттамалардың сақталуын бақылауды күшейту ұсынылады.
Түйінді сөздер: туберкулез, Крон ауруы, коморбидті аурулар, туберкулездік инфекцияны скрининг және профилактикалық ем.
