Алынды: 11.06.2026
Қабылданды: 19.06.2026
Онлайн жарияланды: 30.06.2026
ӘОЖ: 616-002.8;616-002.592
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.59.40.001
ТУБЕРКУЛЕЗ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ АУРУЛАРДЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ)
Махнева А.Ф.1, Бекишева А.Н.1, Сатмурзаев С.А.1, Серікбай М.К.2
1 Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, Алматы, Қазақстан
2 С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
Кіріспе: Гранулематозды аурулар деген тіндік көріністер негізінде гранулемалардың түзілуімен сипатталатын әртүрлі себептерге байланысты дамитын гетерогенді аурулар тобы. Мақалада гранулемалардың тарихи зерттелуі сипатталады, гранулематозды қабыну механизмдері қарастырылады және гранулеманың этиологиялық факторына байланысты гранулематоздың әртүрлі клиникалық түрлерінің дифференциалды диагностикасының қиындықтары атап өтіледі.
Зерттеудің мақсаты – әртүрлі сала мамандарының назарын гранулематозды аурулардың әртүрлілігіне аудару, сондай-ақ гранулемалардың негізгі патологиялық көріністерін сипаттау және дифференциалды диагностикалау тәсілін анықтау.
Материалдар мен әдістер: 1903 жылдан 2025 жылға дейінгі ғылыми және нормативтік дерек көздерді талдау жүргізілді. Ғылыми басылымдарды іздеулер PubMed, Google Scholar, CyberLeninka және басқа да ресми онлайн ресурстарда жүргізілді.
Нәтижелері: әдебиеттерді талдау гранулематозды қабынудың ұзақ сақталатын инфекциялық және инфекциялық емес факторларға жауап ретінде дамитын бейспецификалық морфологиялық реакция екенін көрсетті. Дифференциалды диагностика үшін некроздың болуы немесе болмауы, жасушалық құрамның сипаты, алып жасушалардың түрі, фиброздың айқындылығы, сондай-ақ арнайы бояулар мен молекулалық әдістердің нәтижелері маңызды. Туберкулездік гранулемалар көбіне эпителиоидты-жасушалық құрылыммен, Пирогов–Лангханс алып жасушаларымен және казеозды некрозбен сипатталады, алайда ұқсас өзгерістер туберкулездік емес микобактериоздарда, саңырауқұлақ инфекцияларында, саркоидозда, аутоиммунды ауруларда және бөгде денеге реакцияларда да кездесуі мүмкін. Некроздаушы, некрозсыз, іріңді, бөгде дене гранулемалары, ксантогранулемалар, некробиотикалық және басқа да морфологиялық түрлер жүйеленді; бұл клиникалық дифференциалды диагноздардың шеңберін тарылтуға мүмкіндік береді.
Талқылау: патоморфологиялық тұрғыдан алғанда, қабыну инфильтраты негізінен гистиоциттерден турады, олардың құрамына қазіргі уақытта тіндік иммундық жасушалар болып саналатын макрофагтар «грануломатозды» болып саналады. Патогенетикалық тұрғыдан гранулеманың пайда болуы организм жоя алмайтын немесе тек баяу ыдырайтын иммуногендік заттарға тіндік реакция нәтижесінде дамиды. Дегенмен, бұл процестің нақты механизмдері әлі күнге дейін түсініксіз. Әдетте жұқпалы және жұқпалы емес гранулемалар ажыратылғанымен, қазір уақытта микробиологиялық факторлардың патогені анықтамаған «классикалық» гранулематозда туралы дәлелдер бар.
Түйінді сөздер: туберкулез; гранулема; гранулематозды қабыну; гранулематозды аурулар; дифференциалды диагностика; патоморфология; казеозды некроз; саркоидоз; туберкулездік емес микобактериялар; гистохимиялық бояу; молекулалық диагностика.
количество просмотров / 👁 54