«Фтизиопульмонология» — 2001 жылдан бері жарық көріп келе жатқан рецензияланатын ғылыми-практикалық журнал. Журналдың құрылтайшысы және баспагері — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы.
Журналда фтизиопульмонология, респираторлық медицина, сабақтас және клиникалық пәндер саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтауды ұйымдастыру және медициналық білім беру мәселелері бойынша түпнұсқалық ғылыми мақалалар, шолу материалдары, клиникалық жағдайлар және басқа да ғылыми еңбектер жарияланады. Журнал құрылған сәттен бастап ғылыми білімді таратуға, клиникалық тәжірибе алмасуға және дәлелді медицина қағидаттарын медициналық практикаға енгізуге арналған беделді академиялық алаң ретінде қалыптасты.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының дамуына байланысты журналдың электрондық нұсқасы зерттеушілерге, клиницистерге және оқытушыларға жарияланымдарға кең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, ғылыми пікірталастың дамуына және медициналық ғылым мен білімнің ілгерілеуіне ықпал етеді.
ISSN: 2227-1937
Тіркеу нөмірі: 2535-W (2001 жылғы 13 желтоқсан)
Периодтылығы: тоқсан сайын (жылына 4 нөмір)
Баспагер: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы
Мақсаты мен міндеттері
Журнал келесі ғылыми бағыттар бойынша жоғары сапалы ғылыми материалдарды жариялауға қабылдайды:
-
туберкулез және тыныс алу жүйесі ауруларының клиникалық аспектілері;
-
респираторлық патологиямен байланысты сабақтас және клиникалық пәндер саласындағы зерттеулер;
-
фтизиопульмонология саласындағы теориялық және эксперименттік жұмыстар;
-
денсаулық сақтауды ұйымдастыру және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері, оның ішінде туберкулезге эпидемиологиялық қадағалау және бақылау;
-
медициналық білім беру мен мамандар даярлаудың инновациялық тәсілдері.
Жарияланатын материалдардың түрлері
Журнал келесі санаттағы қолжазбаларды жариялауға қабылдайды:
Түпнұсқалық мақалалар — клиникалық, эксперименттік немесе эпидемиологиялық зерттеулердің жаңа нәтижелері;
Шолу мақалалары — белгілі бір мәселе бойынша ғылыми білімнің қазіргі жағдайына сыни талдау;
Клиникалық жағдайлар — сирек немесе ерекше клиникалық бақылаулардың сипаттамасы;
Қысқаша хабарламалар — алдын ала нәтижелер мен жаңа ғылыми деректерді жариялау;
Редакциялық мақалалар мен түсініктемелер — денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдар (редакцияның шақыруымен);
Редакцияға хаттар — жарияланған материалдарға қатысты қысқаша пікірлер мен ғылыми талқылаулар.
Ашық қолжетімділік саясаты
Журнал толық ашық қолжетімділік қағидаттарын ұстанады. Барлық жарияланымдар жарық көрген сәттен бастап интернет желісінде еркін қолжетімді болады. Пайдаланушылар Budapest Open Access Initiative қағидаттарына сәйкес материалдарды еркін оқуға, жүктеуге, көшіруге, таратуға және басып шығаруға құқылы.
Журнал сайтында баспагер туралы ақпарат, редакциялық алқа құрамы, рецензиялау саясаты және жарияланым ережелері орналастырылып, басылым қызметінің ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Лицензиялық саясат
«Фтизиопульмонология» ғылыми-практикалық журналында жарияланған барлық мақалалар Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0) лицензиясының талаптарына сәйкес таратылады.
Бұл лицензия авторды және жарияланым көзін міндетті түрде көрсету шартымен журнал материалдарын кез келген форматта еркін оқуға, жүктеуге, көшіруге, таратуға, дәйексөз келтіруге және бейімдеуге мүмкіндік береді.
Авторлар өз еңбектеріне авторлық құқықты сақтайды және журналға мақаланы алғаш жариялау құқығын береді.
Лицензияның толық мәтіні мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/
Рецензиялау саясаты
Барлық қолжазбалар қос соқыр рецензиялау рәсімінен өтеді.
Алғашқы қарау мақаланы редакцияға түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас редактор тарапынан жүзеге асырылады.
Сыртқы рецензиялау ғылыми дәрежесі бар және зерттеу тақырыбы бойынша жарияланымдары бар тәуелсіз сарапшылармен жүргізіледі.
Рецензиялау барысында толық құпиялылық сақталады: авторлар рецензенттердің тұлғасын білмейді, ал рецензенттер авторлар туралы ақпарат алмайды.
Жариялау туралы шешім ғылыми жаңашылдығына, зерттеудің өзектілігіне, әдіснамалық дұрыстығына және этикалық талаптарға сәйкестігіне қарай қабылданады.
Этикалық стандарттар
Журнал Жарияланым этикасы комитетінің (COPE) қағидаттарын, Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың Хельсинки декларациясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық ғылыми жарияланым стандарттарын басшылыққа алады.
Редакция плагиатқа, деректерді бұрмалауға, қайталама жарияланымдарға және ғылыми адалдыққа қайшы өзге де әрекеттерге жол бермейді. Қажет болған жағдайда түзетулер, терістеулер және этикалық бұзушылықтар туралы хабарламалар жарияланады.
Жарияланым және жарнама төлемдері
Мақалаларды жариялау
Көлемі 10 бетке дейінгі ғылыми мақала (Times New Roman қарпі, 14 кегль, жоларалық интервал 1,5): 25 000 теңге (ҚҚС-пен бірге).
Әрбір қосымша бет: 3 000 теңге (ҚҚС-пен бірге).
Жарнама
Журналдың баспа және электрондық нұсқаларында жарнама орналастыру шарттары мен тарифтері редакцияға сұрау салу арқылы ұсынылады. Жарнамалық материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жарнама берушілер жауап береді.
Төлем тәртібі
Төлем теңгемен (KZT) мақала жариялауға қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады. Барлық төлемдер қайтарылмайды.
ISSN халықаралық орталығының ISSN тағайындау туралы сертификаты
