ТОРАКОТОМИЯ ӘДІСІМЕН ЖАСАНДЫ ҚАН АЙНАЛЫМДА ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ҚАРЫНШААРАЛЫҚ ПЕРДЕ АҚАУЫН ТҮЗЕТУДЕН КЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ӨМІР САПАСЫН ТАЛДАУ

Поступила в редакцию: 19 января 2025 г.
Принята к публикации: 22 февраля 2025 г.
Опубликована online: 28 марта 2025 г.
УДК 616.12-007.271-089.843-053.2:364.65
DOI: 10.26212/2227-1937.2025.16.63.004
С. Құрамыс 1,2,3, С. Джошибаев 1,3 , Б.А. Болатбеков 1,2, З.С. Болатбекова 2 ,
Б.К. Есенбеков 1,5 , У.А. Ергешбаева 4 , Б.Қ. Аманбаева 1
1 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы, Қазақстан
2ЖШС «КардиоМед» Клиникасы, Шымкент қаласы, Қазақстан
3 Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет, Алматы қаласы, Қазақстан
4 Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, Шымкент қаласы, Қазақстан
5КеАҚ «Шымкент жүрек орталығы», Шымкент қаласы, Қазақстан
ТОРАКОТОМИЯ ӘДІСІМЕН ЖАСАНДЫ ҚАН АЙНАЛЫМДА ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ҚАРЫНШААРАЛЫҚ ПЕРДЕ
АҚАУЫН ТҮЗЕТУДЕН КЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ӨМІР САПАСЫН ТАЛДАУ
Кіріспе: Туа біткен қарыншааралық перде ақауын (ҚАПА) түзету отасынан кейін балалардың өмір сапасын бағалау
медициналық араласудың тиімділігін бағалауда өте маңызды және өмір сапасын бағалаудың құралы болып
табылатын салнамалар көптеген зерттеулерде аурулар мен емдеу әдістерінің ауыртпалығын психикалық және
физикалық денсаулықты бағалайды.
Зерттеу мақсаты: туа біткен ҚАПА түзету отасынан кейін QUALIN сауалнамасын қолдана отырып өмір сапасын
бағалау және балалардағы денсаулықпен байланысты нәтижелерді талдау.
Материалдар мен әдістері: Балалардағы өмір сапасын зерттеу ерте жастағы балалар арасында QUALIN халықаралық
құралы арқылы жүргізілді. Зерттеу дизайны – ретроспективті когорталы. Зерттеуге 2019 жылдан 2023 жылға дейін
оқшауланған туа біткен ҚАПА бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі a. et v. Mammaria interna dextra сақтай отырып оң жақ
антеро-латеральды миниторакотомия әдісімен жасалаған 29 бала алынды.
Нәтижелер: Зерттеуге қатысқан балалардаың орташа жасы 8.1±3.1 ( минимальды 3.4 жыл болса, максимальды
15жас) жыл, салмақтары 26.1±10.2 (min 11.4кг, max 47 кг) кг. Жасалған ота мағлұматтары бойынша жасанды қанайналым уақыты 30.3±5.2 (24-49) минут, қолқа қысылу уақыты 18.4±3.6 (11-26) минут, жалпы ота ұзақтығы
131.1±11.7 (115-160) мин, отадан кейінгі реанимация бөлімінде болу уақыты 24±3.5 (14-30) сағат, жалпы
госпитализация 7.6 ±1.9 (5-9) күндер болған еді. QUALIN сауалнамасында отаға дейінгі көрсеткіштерді отадан кейінгі
көрсеткіштермен салыстырғанда жақсару көрініп тұр, яғни балл көрсеткіштері өскен, сонымен қатар бұл тенденция
3-6 айдан соң да сақталып тұр. Алайда отадан кейін 3-6 айдан соң минимальды балл көрсеткіштері жоғарлаған. Егер
де статистикалық талдағанда тек 3 айдан соң маңыздылық анықталды (p<0.05). Талқылау. Мақалада туа біткен ҚАПА ауыратын балалардың денсаулығы мен өмір сапасын зерттеуге арналған бірқатар ғылыми зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Талқылауда операциядан кейінгі өмір сапасының маңызы, психоәлеуметтік бейімделу, психикалық денсаулық мәселелері мен ҚАПА бар балалар үшін маңызды емдеу әдістері туралы сөз болады. Қорытынды: Осылайша, QUALIN халықаралық сауалнамасы торакотомиялық әдіспен, оң жақтағы Маммария артериясы мен венасының тамырлық шоғыры сақталып, ҚАПА түзету отасынан кейінгі балалардың өмір сапасының жақсарғанын көрсетті. Түйінді сөздер: қарыншаралық перде ақауы, миниторакотомия, жүрекке ашық ота, миниинвазивті хирургия, өмір сапасы, сауалнама. [download url="https://journal.nncf.kz/wp-content/uploads/2025/04/4-Курамыс-С-статья-качество-последний-исправленный-nвариант.pdf" title="ТОРАКОТОМИЯ ӘДІСІМЕН ЖАСАНДЫ ҚАН АЙНАЛЫМДА ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ҚАРЫНШААРАЛЫҚ ПЕРДЕ АҚАУЫН ТҮЗЕТУДЕН КЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ӨМІР САПАСЫН ТАЛДАУ"]

количество просмотров / 👁 79

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *