МАҚТА ЕГУ АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ АСҚЫНУЛАР

Алынды: 17.05.2024 Қабылданды: 23.09.2024 Онлайн жарияланды: 28.09.2024
DOI: 10.26212/2227-1937.2024.14.11.005
УДК: 618.3-06
А.Р. Жумадилова¹,ОRCID: 0000-0002-4348-715X
С.Н. Кулбаева¹, ОRCID: 000-0002-4348-715X
Л.Д. Жолымбекова¹,ОRCID: 000-0003-1425-9286.
И.С. Саркулова²ORCID: 0000-0003-0388-7164
А. Е.Абдухамит³ ORCID: 0009-0000-6620-2797
¹«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, Шымкент, Қазақстан Республикасы;
²«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесі, Шымкент, Қазақстан
Республикасы;
³ №14 Емдеу орталыгы Шымкент, Қазақстан Республикасы;
МАҚТА ЕГУ АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ АСҚЫНУЛАР
Түйін: Қазіргі уақытта адам ағзасына әсер ететін күшті факторлардың бірі пестицидтер – қоршаған ортаға әдейі
енгізілген химиялық заттардың ерекше тобы, олар белгілі бір жағдайларда денсаулықтың бұзылу қаупін
арттырады. Қазақстан Республикасы қолайсыз экологиялық жағдайы бар өңір болып табылады, онда патогендік
факторлардың бірі ксенобиотиктер, оның ішінде халық денсаулығына қолайсыз әсер ететін пестицидтер болып
табылады.
Зерттеудің мақсаты – мақта егетін аймақта тұратын жүкті әйелдердегі кездесетін асқынулар жиілігін анықтау.
Материалдар мен әдістерi: Қарау және салыстыру үшін жүкті әйелдерден екі бақылау тобын таңдадық. Бірінші
бақылау тобына 19 бен 40 жас аралығындағы босанатын 80 әйел кірді. Олар мақта аймағында тұратын 212 жүкті
әйелдің арасынан таңдалды.
Екінші бақылау топқа 19 бен 41 жас аралығындағы 86 босанушы әйелдер кірді. Бұл жүкті әйелдер 225 жүкті әйелдің
арасынан таңдалды.
Нәтижелерi: I бақылау тобында жүктілікке байланысты асқынулар 64 (80%) болса , 16 (20%) жүктілік асқынусыз
өтті. Зерттеуімізде келесі асқынулар байқалды: Жалпы токсикоз – 32 (50%), оның ішінде ерте токсикоз – 20 (52,6%)
және кеш токсикоз – 12 (47, 40%); кольпит – 6(9, 34%), түсік тастау қаупі – 4(6,25%), гестациялық гипертензия – 4
(6,25%),іш қату –3(4,7%), дамымаған жүктілік – 3 (4,7%), амниотикалық сұйықтықтың ерте кетуі – 3 (4,7%),
гестациялық пиелонефрит – 3 (4,7%), протеинурия – 2 (3,12%), ісіну – 2 (3,12%) , преэклампсия – 2 (3,12%).
Нәрестелердің өлі туулыуы байқалмады.
II бақылау тобында 86 әйелдің 35-(40,3%)-ында жүктілікке байланысты асқынулар, 51-інде (59,7%) асқынусыз
жүктілік болған. Келесі асқынулар байқалды: токсикоз – 15 (42,85%), оның ішінде ерте токсикоз – 10 (66,66%) және
кеш токсикоз 5 (33.34%) , түсік тастау – 7 (20%), кольпит – 6 (17,15%), гестациялық гипертензия – 1 (2,86%), ісіну –
4 (11,43%), протеинурия – 2 (5,71%). Нәрестелердің өлі туулыуы байқалмады.
Қорытынды: Пестицидтер қоймалары мен агроөнеркәсіптік ұшу-қону жолақтарының жанында тұратын жүкті
әйелдер, босану санына қарамастан, қауіп тобына қосылуы керек. Сонымен қатар, егер тексеру кезінде әйелде
клиникалық көріністерді күтпестен хлорорганикалық пестицидтер табылса, алдын-алу шаралары мен емделу
жүргізу керек.
Түйінді сөздер: мақта, пестицид, патология, босану, жүктілікке байланысты асқынулар.

количество просмотров / 👁 141

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *