ҚАЗІРГІ АКУШЕРЛІК ІСІНДЕ ҚАЙТАЛАНАТЫН КЕСАР ТІЛІГІ ОТАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Получена: 18.07.2024/ Принята: 22.09.2024/ Опубликована online: 28.09.2024
УДК 618.155.194.8-055.26
DOI: 10.26212/2227-1937.2024.26.13.003
Т.А.Кожабекова1,ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9479-3678
А.Т.Анисова1, ORCID: https://orsid.org/0009-0003-6172-6497
А.К.Алпысбаева1, ORCID: https://orsid.org/0009-0008-0372-0376
Е.Ермухамет1, ORCID: https://orsid.org/0009-0006-0548-4325
А.М. Әлі1, ORCID: https://orsid.org/0009-0005-0834-8532
А. Маратқызы2,ORCID: https://orsid.org/0009-0001-5492-6584
1С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазахстан
2ШЖҚ КМҚК «№4 Қалалық емханасы» Алматы, Қазақстан
ҚАЗІРГІ АКУШЕРЛІК ІСІНДЕ ҚАЙТАЛАНАТЫН КЕСАР ТІЛІГІ ОТАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түйін. Мақаланың өзектілігі: Кесар тілігі — әлемдегі ең көп таралған операция және соңғы он жылдықтарда тұрақты
түрде өсу үрдісі байқалды. Бүкіл әлемде, кесар тілігінің жасалу жиілігі, барлық абдоминалды оталардан асып түседі.
Кәзіргі акушерлік ісінде кесар тілігі үлкен маңызға ие, өйткені асқынған жүктілік пен босану кезінде ана мен баланың
өмірін сақтауға мұмкіндік береді.
Мақалада бақылаудағы әйелдердің жүктілік ағымын, кесар тілігі отасына көрсеткіштердің құрылымы берілді. Бір рет
кесар тілігін жасаған жүкті әйел келесі жүктілікте операция жасау ықтималдығы жоғары болғандықтан, қайталанып
жасалған отаға сараптама жасалынды. Босану мерзімі, ықтималды қауіптер, нәресте жағдайы атап өтілді.
Зерттеу мақсаты. Кесар тілігінен кейін жатырда бір немесе бірнеше тыртығы бар әйелдердің хирургиялық босану
нәтижелеріне талдау жүргізу.
Зерттеу материалдары мен әдістері. 200 босану тарихына ретроспективті талдау жасалды, оған 2022-2024 жылдар
аралығында, Алматы қаласы «№4 қалалық емханасында» бақыланып және қызмет көрсету аймағы бойынша
перзенхананың үшінші деңгейінде қайталанып кесар тілігі жасалынған әйелдер алынды.
Ақпаратты іздеу: Интернет желісінде, PubMed дерекқорында, Қазақстан, Ресей Федерациясы және шетел әдебиетінің
деректері кілт сөздер бойынша жүргізілді.
Нәтижелер мен талқылаулар. Зерттелген жүкті әйелдердің 57,5%-ы бір рет, 32,5%–екі рет, 6% және 4% сәйкесінше
үш және төрт рет кесар тілігін жасатқан.
Экстрагениталдық ауралардан жиі кездескені темір тапшылықты анемия болды (52,5%), зәр шығару жүйесінің
аурулары (23%), созылмалы артериалды гипертензия (16%), эндокринді аурулар (15%). Гинекологиялық
ауруларардан: жатыр мойнының патологиясының кездесу жиілігі 19,5%, жатырдың даму аномалиясы 2% жиілікпен
кездесті. Алдыңғы жүктілік ағымы 66,5% асқынумен өтіп, келесі жүктілікке қауіп-қатерлі жағдай тудырды. Осы
жүктілік те асқынумен өтті – созылмалы аурулардың өршуі, ұрықтың өсуінің кідіруі 5%, қағанақ суының көлемінің
өзгеруі 6%-ды құрады. Жүктілік ағымында күрделі асқыну – преэклампсия 7%, оның ішінде преэклампсияның ауыр
дәрежесі 2% орын алды. Әйелдердің 86,5%-на 39 аптада жоспарлы кесар тілігі жасалды, ал 13,5% мезгілден бұрын
хирургиялық жолмен босандырылды, 1% босанушылар, анамнезде бір кесар тілігі барлар, табиғи жолмен
босандырылды. Мезгілінен бұрын және анамнезінде бір рет кесар тілігі бар босанушыларға қайталап ота жасауға
келесі көрсеткіштер себеп болды: 67,1%-да ана мен ұрықтың көрсеткіштерінің жиынтығы болса, ал 32,9% жүктіліктің
асқынумен байланысты болды.
Қорытынды. Қайталанып жасалған кесар тілігінің ерекшелігі – ота кезіндегі іш қуысында жабысу процесстері орын
алды, соған байланысты нәрестелердің 89% операция басталғаннан кейін 7 минут ішінде, ал 11% 10 минут ішінде
шығарып алынды. Жаңа туған нәрестелерден 6,5% әртүрлі деңдейдегі асфексиямен дүниеге келді, олар бірер тәулік
қарқынды терапия бөлімінде бақыланып, аналарымен бірге үйге шығарылды.
Жасалған отанының ұзақтығына мән берсек, анамнезінде 2 рет кесар тілігі жасалғандарда ота 31-55 минут, 3-4 рет
кесар тілігі жасалғандарда 80 минутқа созылды.
Үш және одан көп кесар тілігі жасалған босанушыларда акушерлік қан кету ≥1000 мл 3 әйелде (1,5%) кездесті, бұл
жағдайда консервативтік терапия, гемотрансфузия, хирургиялық гемостаз жүргізіліп, қан кету тоқтатылды.
Біздің ретроспективті клиникалық зерттеуіміз қайталанатын кесар тілігі операциясынан кейінгі жүктілік пен босану
кезінде анаға да, жаңа туған нәрестеге де айтарлықтай қауіп төндіретін хирургиялық араласу болып табылады деген
қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Түйінді сөздер: жүктілілік ағымы, қайталамалы кесар тілігі, жатыр тыртығы, нәресте жағдайы

количество просмотров / 👁 131

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *