№2 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ ӘР ТҮРЛІ ГЕНЕЗДІ БАУЫР ЦИРРОЗЫ БАР НАУҚАСТАРДА ТРОМБОЦИТОПЕНИЯНЫ КОРРЕКЦИЯЛАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН КӨКБАУЫР АРТЕРИЯСЫ ЭМБОЛИЗАЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Алынды: 23.01.2024/Қабылданды: 14.03.2024 /Онлайн жарияланды: 30.03.2024
ОӘК 616.36-004
DOI: 10.26212/2227-1937.2024.30.95.004

Э.Д. Искандирова1, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-8260-6836
Б.О. Сахова1, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-5893-2869
Ж.М. Рсалиева2, ORCID: https://orcid.org/0009-0004-4315-9828
Н.К. Нематулла1, ORCID: https://orcid.org/0009-0008-38292548
Д.К. Алибаев1, ORCID: https://orcid.org/0009-0002-5358-8138
1Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті, Шымкент кампусы, Шымкент, Қазахстан
2№2 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасы, Гастроэнтерология бөлімі, Шымкент, Қазахстан

№2 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ ӘР ТҮРЛІ ГЕНЕЗДІ БАУЫР
ЦИРРОЗЫ БАР НАУҚАСТАРДА ТРОМБОЦИТОПЕНИЯНЫ КОРРЕКЦИЯЛАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН КӨКБАУЫР
АРТЕРИЯСЫ ЭМБОЛИЗАЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Түйін: Шымкент қалалық №2 клиникалық ауруханасының гастроэнтерология бөлімінде бауыр циррозы
салдарынан дамыған екінщілік тромбоцитопения белгілерімен ем қабылдап жатқан науқастар өте көп. Порталық
гипертензия нәтижесіндегі спленомегалия салдарынан тромбоциттердің көптеп бұзылуына байланысты олардың
мөлшерінің азаюы байқалады. Көкбауырдың бір бөлігі қан айналымынан ажыратылғанда, көкбауыр венасы арқылы
қанның ағуының төмендеуіне байланысты порталық гипертензия төмендейді, ал көкбауырда тромбоциттер саны
азырақ жойылады. Ал спленэктомия операциясы ашық түрде жүргізілетін болғандықтан әр түрлі асқынуларға
әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы себептерге байланысты көкбауырдың бір бөлігін қан айналымынан ажыратуға
бағытталған – көкбауыр артериясының эмболизациясы кеңінен қолданыс табуда. Осы жұмыста авторлар Шымкент
қалалық №2 клиникалық ауруханасында порталық гипертензиямен ем қабылдаған науқастарға жүргізілген
көкбауыр артериясының эмболизациясының тиімділігін бағалады. Зерттеу нәтижесінде бұл науқастарда асцит
деңгейі азайды, өңештің варикозды кеңіген веналарынан қан кету тоқтады, өмір сүру сапасының жақсаруы және
бауыр трансплантациясына дейінгі науқастың өмірін ұзартуға мүмкіндік артты.
Түйінді сөздер: көкбауыр, бауыр, цирроз, порталық гипертензия, жартылай (ішінара) эмболизация, бауыр
циррозы, тромбоцитопения.

количество просмотров / 👁 251

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *