Алынды: 11.01.2024/ Қабылданды: 12.03.2024/Онлайн жарияланды: 30.03.2024
УДК 616.2(075.32)
DOI: 10.26212/2227-1937.2024.22.81.009
Р.Ж. Сейсебаева1, ORCID ID: http://orcid.org/0000-0001-9849-0981
С. Сайранқызы1, ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-2873-2444
Ж.Ж. Нургалиева1, ORCID ID: http://orcid.org/0000-0003-0490-80000
Н.А.Cагатбаева1, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-0624-5546
М.З.Ажахметова1, ORCID ID: http://orcid.org/0009-0000-6431-0364
А.А.Сатаева2, ORCID ID: http://orcid.org/0009-0005-8842-7870
1«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазақстан
2«МаксатМеД» ЖШС, Алматы, Қазақстан
ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ БРОНХ ӨКПЕ ДИСПЛАЗИЯСЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ РЕНТГЕНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Түйін. Зерттеуге бронх-өкпелік дисплазиясы бар шала туылған 111 бала және бронх-өкпелік дисплазиясы жоқ шала
туылған 109 бала қатысты. Негізгі топта көпшілігі (55,0%) 22-27 апталық жүктілік кезінде туылған, сонымен қатар
негізгі топтағы балалар өте төмен дене салмағымен (<1000 г) 69,4% туылған. Негізгі топтағы нәрестелердің 64,0 %
(n=71) тері жамылғысының түсі боз қызғылт болса, бұл белгі бақылау тобындағы нәрестелердің 47,7% (n=52)
кездесті (p=0,015). БӨД қалыптасқан нәрестелерде терінің сұр реңі 38,7% (n=43) байқалса, аталған ауруы жоқ
нәрестелерде ол 32,1% (n=35) жағдайда байқалды. Негізгі топтағы нәрестелердің 76,6% (n=85), бақылау тобында
44,0% (n=49) тері жамылғысының мәрмарлығы байқалды (p<0,001). Цианоз негізгі топта 23,4% (n=26) байқалса,
бақылау тобында цианоз тек бір балада анықталған (р<0,001). Периоралды цианоз топтар арасында біртекті
жиілікпен кездесті, сәйкесінше 64,9% (n=72) және 59,6% (n=65) құрады. Акроцианоз негізгі топта 72,1% (n=80),
бақылау тобындағы балаларда жиірек кездесіп 85,3% (n=93) болды (р=0,017). БӨД қалыптасқан нәрестелерде және
бақылау тобында ең жиі өкпе суретінің күшеюі анықталды, сәйкесінше 64,9% (n=72) және 33,9% (n=37) құрады (р <
0,001). Өкпе суретінің деформациясы негізгі топтағы нәрестелердің жартысынан астамында кездесіп 53,2 % (n=59),
бақылау тобында 11,0% құрады (р < 0,001).
Түйінді сөздер: бронхөкпе дисплазиясы, шала туылған нәресте, клиникалық сипат, кеуде қуысының рентгені.