COVID -19 ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

Алынды: 05.02.2024/Қабылданды: 11.03.2024/Онлайн жарияланды: 30.03.2024
ӘОЖ:616.12-008: 616.12-07
DOI: 10.26212/2227-1937.2024.21.17.006

С.А. Туктибаева¹, ORCID: 0000-0003-1266-3381
И.С. Саркулова¹, ORCID: 0000-0003-1425-9286
Ф.Д. Хатамов¹, ORCID: 0009-0005-3579-1118
Б.К. Есенбеков¹ , ORCID: 0000-0002-5604-8658
Л.Д. Жолымбекова², ORCID: 0000-0003-0388-7164
¹Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Туркестан, Қазақстан Республикасы
²«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ, Шымкент, Қазақстан Республикасы

COVID -19 ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ ЖҮРЕК
ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

Түйін. Коронавирустық инфекциядан туындаған пандемия жағдайындағы популяцияда жиі кездесетін жүрек-қан
тамырлары аурулары бар науқастар ерекше қауіп тобына жатады.
Мақсаты. COVID -19 инфекциисының пандемиясының кезіндегі жүрек қан тамыр жүйесі ауруларының
динамикасын талдау.
Материал және әдістер. Біздің зерттеуімізде Түркестан облысында 100000 тұрғынға балап COVID -19
инфекциисының пандемиясының кезіндегі жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларына таралуы мен одан туындаған
өлім себептерін анықтап, осындай аурулардың стационарлық карталары мен емханалық ұйымдардағы
амбулаторлық карталар деректерді қолдандық. Осы деректерді жинақтауда аурулардың диспансерлік карталары да
пайдаланылды. Жалпы тәжірибелік дәрігерлерден, терапевттерден және кардиологтардан ауруханадан
шығарылған және емделген пациенттер туралы ақпаратды жинап отырып жүргізілді.
Нәтижелер: Жүрек-қан тамыр жүйесі ағзаларының зақымдануы COVID-19 инфекциясына шалдыққан аурулардың
23,9% кездессе, ал стационарға жатқызылған осындай науқастардың 27,2% -да анықталады. Ер кісілерде COVID-19-
ға байлысты ең жиі кедесетін миокардттың зақымдану белгісі жедел коронарлық синдром болыпы шықты (37,1%),
олардың арасында тромбоэлемболия да жиі кездеседі (29,7%). Ал егде жастағы пациенттердің COVID-19
инфекциясына байланысты жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы белгісі өкпе тромбоэмболия (34,3%) мен жедел
коронарлық синдром (27,2%) болып шықты. Осы топтағы пациенттерде аритмия да жиі кездеседі (21,6%).
Артериалды гипертензиядан туындайтын асқынулар ішінде тромбоэлемболия (36,3 %), ерлерде аритмияның
(24,2%) үлес салмағы жоғары болып шықты.
Қорытынды. Декомпенсацияланған созылмалы жүрек-қан тамыр аурулары, жүрек-қан тамырлары асқынулары бар
науқастарды, жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтырған және COVID-19-дың ұзақ мерзімді белгілері бар
науқастарды жиі және жүйелі түрде бақылау және емханаға өз бетімен бара алмайтын науқастарға жиі үйіне
потранаж жасау қажет деп ойлаймыз.
Түйінді сөздер: COVID-19, жүрек-қан тамыр жүйесі, ағза, науқас, жүйе

количество просмотров / 👁 287

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған