
«Фтизиопульмонология» ғылыми-тәжірибелік журналының редакциясына келіп түскен барлық қолжазбалар StrikePlagiarism жүйесін пайдалана отырып мәтіндік ұқсастықтардың бар-жоғын анықтау мақсатында міндетті түрде тексеріледі.
Тексеру қолжазбаны ғылыми рецензиялауға жібергенге дейін алғашқы редакциялық іріктеу кезеңінде жүргізіледі.
Тексеру барысында келесі көрсеткіштер бағаланады:
-
мәтіндік сәйкестіктердің жалпы пайызы;
-
анықталған ұқсастықтардың сипаты;
-
дәйексөздер мен сілтемелердің дұрыс рәсімделуі;
-
өзін-өзі дәйектеудің (self-citation) болуы;
-
орынсыз мәтіндік алулардың немесе жұмыстың компилятивтік сипаттағы белгілерінің болуы.
Редакция тек дереккөз міндетті түрде көрсетілген, дұрыс рәсімделген дәйексөздер мен пайдаланылған материалдарды ғана қабылдайды.
Егер плагиат, орынсыз мәтіндік алулар, деректерді бұрмалау немесе жарияланым этикасының өзге де бұзушылықтары анықталған жағдайда, қолжазба рецензиялауға жіберілмей, алдын ала редакциялық сараптама кезеңінде кері қайтарылады.
Журнал редакциясы академиялық адалдық қағидаттарын және жарияланым этикасының халықаралық стандарттарын ұстанады.
Тексеру жүйесі: https://panel.strikeplagiarism.com/
