XPERT MTB/RIF ULTRA ӘДІСІНІҢ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖӘНЕ РИФАМПИЦИНГЕ ТӨЗІМДІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

Алынды: 08.12.2025
Қабылданды: 21.01.2026
Онлайн жарияланды: 20.03.2026
ӘӨЖ: 616-056.7-073:579.873.2
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.58.42.002

 

XPERT MTB/RIF ULTRA ӘДІСІНІҢ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖӘНЕ РИФАМПИЦИНГЕ ТӨЗІМДІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

Такенов Н.К., Абекеева Ш.Ш., Бадуова Ж.О., Балтабаев М.М.

ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кіріспе. Туберкулез (ТБ), әсіресе дәріге төзімді түрлерінің көбеюіне байланысты, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Xpert MTB/RIF Ultra сияқты молекулалықгенетикалық диагностикалық әдістерді енгізу Mycobacterium tuberculosis анықтау және рифампицинге төзімділікті айқындау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.

Мақсаты. Тыныс алу жолдарынан алынған үлгілерде (қақырық, бронхоальвеолярлық шаю сұйықтығы (БАC)) туберкулезді және рифампицинге дәріге төзімділікті диагностикалауда Xpert MTB/RIF Ultra әдісінің тиімділігін сипаттау және бағалау.

Материалдар мен әдістер. Зерттеуге 2024 жылы Алматы қаласындағы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында Xpert MTB/RIF Ultra әдісімен тексерілген пациенттердің барлық респираторлық үлгілері енгізілді. Қосымша түрде микроскопия және бактериологиялық егу нәтижелері жиналды. Әдістің сезімталдығы, ерекшелігі, оң және теріс болжамдық құндылықтары талданды.

Нәтижелер. Xpert MTB/RIF Ultra көмегімен барлығы 1938 респираторлық үлгі зерттелді: 1355 қақырық үлгісі және 583 БАC үлгісі. 121 жарамсыз нәтиже алып тасталғаннан кейін соңғы талдауға 1817 сенімді нәтиже енгізілді. Қақырық үлгілерінде Xpert MTB/RIF Ultra жоғары сезімталдықты (91,6%) және ерекшелікті (85,5%) көрсетті және микроскопиямен салыстырғанда сезімталдығы айтарлықтай жоғары болды. БАC үшін сезімталдық пен ерекшелік тиісінше 84,0% және 77,3% құрады. Әдіс рифампицинге төзімділікті анықтауда да
тиімділігін дәлелдеді.

Қорытынды. Алынған нәтижелер Xpert MTB/RIF Ultra әдісінің Қазақстанда туберкулезді ерте
диагностикалау және дәріге төзімді штаммдардың таралуын бақылау үшін маңызды құрал екенін растайды. Әдіс, әсіресе микроскопия нәтижесі теріс пациенттерде, жоғары диагностикалық құндылыққа ие.

Түйінді сөздер: туберкулез, Mycobacterium tuberculosis, Xpert MTB/RIF Ultra, молекулалық диагностика, дәріге төзімділік, Қазақстан

количество просмотров / 👁 53

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған