ЕМХАНАДАҒЫ БАҚЫЛАУ ДИНАМИКАСЫНДА ҮШ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТУБЕРЗКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯНЫ ҚОСА АЛҒАНДА, ВАКЦИНАЦИЯ ЖӘНЕ РЕВАКЦИНАЦИЯМЕН ҚАМТЫЛУ ДЕРЕКТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

Алынды: 08.12.2025
Қабылданды: 09.12.2025
Онлайн жарияланды: 31.12.2025
ӘӨЖ: 616-002.5-053.2+615.371
DOI: 10.26212/2227-1937.2025.84.68.007

 

ЕМХАНАДАҒЫ БАҚЫЛАУ ДИНАМИКАСЫНДА ҮШ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТУБЕРЗКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯНЫ ҚОСА АЛҒАНДА, ВАКЦИНАЦИЯ ЖӘНЕ
РЕВАКЦИНАЦИЯМЕН ҚАМТЫЛУ ДЕРЕКТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

 

Ж.О.Сарбасова ¹, В.Р.Шим ¹, К.Е.Ибраева ¹, Н.Г.Черникова ¹
¹С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы

 

Өзектілігі. Қазіргі таңда медицинада вакцинациядан тиімдірек алдын алу
бағдарламалары әлемде жоқ.

Зерттеудің мақсаты – 2022 жылы туған балалардың туберкулезге қарсы вакцинацияны
қоса алғанда, вакцинациямен және ревакцинациямен қамтылу толықтығын бастапқы
зерттеуден кейін 20 ай өткендегі бақылау динамикасында зерттеу.

Материалдар мен әдістер. 2025 жылдың қараша айында №5 Қалалық Клиникалық
Ауруханасының жанындағы емханада Электрондық Тіркелімдегі 204 профилактикалық екпе картасына талдау жүргізілген ретроспективті бірмезеттік зерттеу жүргізілді. 2025
жылғы қараша айына қарай 204 баланың ішінен 154 бала емханаға тіркелген күйінде
қалды, алайда 10 бала балабақшаға ауысуына байланысты Реестрде қолжетімсіз болды,
сондықтан зерттеуге тек 144 бала ғана қатысты.

Нәтижелер мен талқылау: Үш жастан асқан балаларды вакцинациялаумен қамту
деректерінің талдауы келесіні көрсетті: туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасын және ВГВ
вакцинасын тиісінше 178 бала (89%) және 176 бала (88%), Инфанрикс Гекса (бірінші доза)
– 119 бала (82,6%); Инфанрикс Гекса (екінші доза) – 88 бала (61,1%); Пентаксим – 100 бала
(69,4%); Превенар (бірінші доза) – 134 бала (93%); Превенар (екінші доза) – 94 бала
(65,3%); Превенар (үшінші доза) – 61 бала (42,4%); ҚҚП – 120 бала (83,3%) алды. Оральды
полиомиелитке қарсы вакцинамен және Пентаксиммен ревакцинация тиісінше 76 (52,8%)
және 44 балаға (28,6%) жүргізілді, ал А гепатитіне қарсы вакцина: бірінші дозаны – 68
бала (44,2%), екінші дозаны – 31 бала (20,1%) алды.

Қорытынды: Емханадағы вакцинация және ревакцинациямен қамту, сондайақ олардың
жас көрсеткіштері қалалық және республикалық деңгейлерден төмен болды.

Түйін сөздер: балалар, вакцинация, туберкулез, БЦЖ вакцинасы, ревакцинация, күнтізбе,
егу, қамту, уақытылығы.

 

количество просмотров / 👁 68

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған