БАЛАЛАРДАҒЫ БРОНХИЯЛЫҚ АСТМАНЫҢ БАЗИСТІК ТЕРАПИЯСЫН КЛИНИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ФАРМАКОЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Алынды: 19.10.2025
Қабылданды: 05.12.2025
Онлайн жарияланды: 31.12.2025
УДК: 616.248-053.2:615.1
ӘӨЖ: 10.26212/2227-1937.2025.49.84.004

 

БАЛАЛАРДАҒЫ БРОНХИЯЛЫҚ АСТМАНЫҢ БАЗИСТІК ТЕРАПИЯСЫН КЛИНИКАЛЫҚ
ТӘЖІРИБЕДЕ ФАРМАКОЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

 

Серикбаева Э.А. ¹, Жакипбеков К.С. ¹, Шимирова Ж.К. ², Умурзахова Г.Ж. ²

¹ НАО «Казахский Национальный медицинский университет имени С.Д.Асфендиярова», Казахстан, Алматы

² Южно Казахстанская Медицинская Академия, Казахстан, Шымкент

 

Кіріспе: Бронхиалды астма – өкпенің созылмалы ауруы, ол бронх ағашындағы қабыну
процесімен, тыныс жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілуімен сипатталады, бұл
тыныс алудың қиындауына әкеледі. Бронхиалды астмамен жынысына және жасына
қарамастан кез келген адам ауыруы мүмкін. Оның белгілеріне негізінен түнгі уақытта
байқалатын жөтел, дем шығарғанда алыстан естілетін сырылдар, ал ауыр жағдайларда –
кеудедегі қысым сезімі, терең тыныс алудың қиындауы және физикалық жүктеме кезінде
немесе тыныштықта ентігу жатады.

Зерттеу мақсаты: бронхиалды астмасы бар балаларды бронходилататорлар мен
ингаляциялық кортикостероидтардың біріктірілген режимдерімен емдеу кезінде
шығын-тиімділік коэффициентін (CER) есептеу.

Материалдар мен әдістер: Зерттеуге 6 – 12 жас аралығындағы 54 бала қатысты, олар
жасы мен бронхиалды астманың ауырлық дәрежесіне байланысты 6 топқа бөлінді. Емнің
тиімділігі асқынулардың жиілігі мен науқастар саны арасындағы пайыздық айырманы
есептеу арқылы анықталды. Фармакоэкономикалық деректер шығын-тиімділік
коэффициентін (CER) пайдалану арқылы есептелді.

Нәтижелер: Зерттеу нәтижелері бойынша жылдар өте келе Симбикорт Турбухалерді
қабылдайтын пациенттердің үлесі артып, жеңіл түрінде – 5,5%, орташа ауырлықта – 7,7%
және ауыр түрінде – 9,7%-ға жетті, бұл фармакоэкономикалық көрсеткіштің 1300 АҚШ
долларына дейін өсуімен қатар жүрді. Симбикорт Турбухалерді бронхиалды астманың
барлық сатыларында қолдану асқынулар жиілігін төмендетуге және мемлекеттік бюджет
пен денсаулық сақтау жүйесіне түсетін қаржылық жүктемені азайтуға ықпал етеді. Бұл
зерттеу аталған жұмысқа ұқсас, өйткені онда да біріктірілген препарат – Симбикорт
Турбухалер (будесонид/формотерол) қолданылған, ол клиникалық тиімділік пен
экономикалық көрсеткіштерге оң әсерін тигізді.

Талқылау: Бұл зерттеу бронхиалды астмасы бар балаларды емдеудің ең тиімді және ең
аз шығынды схемасын CER коэффициентін қолдана отырып анықтау мақсатында
жүргізілді. Алайда алынған нәтижелердің шектеулері болды: іріктеменің аздығы және
әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі екі жас тобында тек үш емдеу сызбасын қолдану.
Нәтижелер көрсеткендей, ең тиімді және пайдалы ем 6 – 8 жас тобындағы жеңіл дәрежелі
балаларда байқалды. Дозалар жасына қарай есептелгендіктен, 6 – 8 жас тобында емдеу
курсының құны кез келген ауырлық дәрежесінде 9 – 12 жас тобымен салыстырғанда
төмен болды. Сонымен қатар, коэффициент жыл ішіндегі асқынулардың жиілігін ескере
отырып есептелді, оның мәндері айтарлықтай айырмашылық көрсетпей, 40 – 70%
аралығында өзгерді, бұл да нәтижеге әсер етті.

Түйін сөздер: астма асқынуы, астманы емдеудің экономикалық бағасы, фармакотерапия,
дәрілік заттардың қауіпсіздігі, астмасы бар балалар үшін терапияның қолжетімділігі. .

 

количество просмотров / 👁 64

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған