КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫНА ӘСЕРІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Получена: 29.11.2024 Принята: 15.12.2024 Опубликована online: 30.12.2024
DOI 10.26212/2227-1937.2025.92.79.041
УДК 616.89-053.2:37.026
КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫНА ӘСЕРІ
(ӘДЕБИ ШОЛУ)
Ә.М. Оразбай1, ORCID: https://orcid.org/0009-0001-3488-0208
А.Н. Нурбақыт1,2 ORCID: https://orcid.org/0000-0002-4854-6809
М.Н. Жакупова2, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1529-0018
А.А. Айтманбетова2, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-6363-9248
А.Е. Уалиева3, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-4776-1988
Ж.А.Кожекенова2, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-5074-7634
Л.С. Ермуханова4, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-8927-2958
А.Н. Жумадуллаева1, ORCID: https://orcid.org/0009-0003-4355-8143
1«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
2«С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазақстан
3«әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазақстан
4«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ, Ақтөбе, Қазақстан
Түйін:
Кіріспе. Кибербуллинг дәстүрлі буллинг түрлерінен тұрақтылығымен, жасырын және кең аудиториясымен
ерекшеленеді, бұл жас ұрпақтың психикалық денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Зерттеудің өзектілігі оқушылар
арасында кибербуллингтің таралуының тез өсуіне және оның психикалық денсаулыққа, оқу үлгеріміне және
әлеуметтік бейімделуіне зиянды әсеріне байланысты. Депрессия, мазасыздық, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі және
тіпті суицидтік ойлар сияқты кибербуллингтің жағымсыз әсерлері зерттеушілердің назарын аударуды және алдыналу мен араласудың тиімді шараларын әзірлеуді қажет етеді.
Шолудың мақсаты. Негізгі қауіп факторларын, әсер ету механизмдерін және ықтимал араласу стратегияларын
анықтау арқылы кибербуллингтің оқушылардың психикалық әл-ауқатына әсері туралы бар ғылыми деректерді
жүйелеу және талдау.
Материалдары мен әдістері. Зерттеу Scopus, Web of Science, PubMed, Cochrane және Google Scholar дерекқорларында
жарияланған ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы жүргізілді. Шолу соңғы зерттеулер мен заманауи тәжірибелерді
қамтуды
қамтамасыз ету үшін 2018-2024 жылдар аралығында жарияланған мақалалармен қарастырылды.
Нәтижелері. Деректерді талдау кибербуллинг тәжірибесі мен ауыр психикалық бұзылулардың даму қаупінің
жоғарылауы арасындағы статистикалық маңызды байланысты көрсетті. Кибербуллингке тап болған қатысушылар
ұйқысыздық, тәбеттің төмендеуі және зейіннің төмендеуі сияқты белгілерді көрсетті. Кибербуллингтің теріс әсерінің
күші оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеретінін атап өту маңызды: өзін-өзі бағалаудың төмендігі,
отбасындағы мәселелер немесе әлеуметтік қолдаудың болмауы психикалық бұзылулардың даму қаупін арттырды,
керісінше отбасылық байланыстар мен құрдастарының қолдауы қорғаныс рөлін атқарды.
Қорытынды. Әдебиеттерге шолу кибербуллингтің оқушылардың психикалық әл-ауқатына айтарлықтай әсерін
көрсетеді. Әлеуметтік желідегі кеңістігіндегі агрессияның үнемі әсер етуі депрессияның дамуына, мазасыздыққа,
өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне және суицидтік ойлардың пайда болуына әкеледі. Кибербуллингтің құрбаны болған
балалар мен жасөспірімдер оқшаулану, жалғыздық және дәрменсіздік сезімдерін сезінеді, бұл олардың оқу үлгерімі
мен әлеуметтік қатынастарына теріс әсер етеді. Осы мәселеге бағытталған зерттеулердің көбеюіне қарамастан,
кибербуллингтің ұзақ мерзімді әсерін зерттеу және алдын алу мен араласудың тиімді стратегияларын әзірлеу үшін
қосымша зерттеулер қажет. Оқушылардың медиа сауаттылығын арттыруға, желіде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын
дамытуға және білім беру мекемелерінде қолдау ортасын құруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге ерекше
назар аудару қажет. Тек кешенді тәсіл кибербуллингтің жас ұрпақтың психикалық денсаулығына теріс әсеріне тиімді
қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: кибербуллинг, әлеуметтік медиа, агрессивті мінез-құлық, психологиялық аспектілер, алдын алу
бағдарламалары.

количество просмотров / 👁 72

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған