ӘМБЕБАП ПРОГРЕССИВТІ ПАТРОНАЖ МОДЕЛІ: ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР ПАТРОНАЖЫ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕРЛЕРДІҢ РӨЛІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Алынды: 01.0.2024 Қабылданды: 18.10.2024 Онлайн жарияланды: 30.12.2024
DOI 10.26212/2227-1937.2025.76.66.040
УДК: 614.253.4:618.2:371.3(045)
ӘМБЕБАП ПРОГРЕССИВТІ ПАТРОНАЖ МОДЕЛІ:
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР ПАТРОНАЖЫ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕРЛЕРДІҢ РӨЛІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)
Қуанай А.М.1, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9173-3848
Ермуханова Л.С.1, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-7703-9649
Шаштыгарина Д.М.1, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3860-4075
Таушанова М.К.1, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0165-9312
Артыкбаева М.A.1, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3884-2743
Куспангалиева Г.С1., ORCID: https://orcid.org/0000-0002-2679-1176
Журабекова Д.С.1, ORCID: https://orcid.org/0009-0005-0216-3422
1Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақсатан медицина университеті, Ақтөбе, Қазақстан
Түйін.
Кіріспе. Мақаланың шолуында әлемнің кейбір елдерінде және Қазақстанда патронаждық мейіргерлердің жұмысы
талданады, сондай-ақ жүкті әйелдердің әмбебап прогрессивті патронажының моделі бойынша оны іске асырудағы
мейіргер рөліне баса назар аудара отырып, әдістемелік нұсқаулықтар мен бұйрықтар қаралады. Бұл әдістемелік
нұсқаулық патронаждық мейіргерлер үшін практикалық ұсынымдар мен іс-қимыл алгоритмдерін білдіреді.
Әдістемелік нұсқаулық патронаждың негізгі кезеңдерін сипаттайды, жүкті әйелдердің әртүрлі санаттарымен әр
кезеңде мейіргерлердің міндеттерін егжей-тегжейлі ашады.
Шолудың мақсаты. Жүкті әйелдердің әмбебап прогрессивті патронаж моделін және оны іске асыруда
мейіргерлердің рөлі мен функцияларын талдау.
Материалдар мен әдістер. Іздеу стратегиялары әртүрлі дерекқорларда электрондық іздеумен әзірленді және
Pubmed, Medline, Google Scholar дерекқорлары пайдаланылды. Іздеуде келесі кілт сөздер: мейіргер ісі, патронаж,
жүкті әйелдер патронажы, күтім жасау, патронаждық мейіргер қолданылды. Іздеуді кеңейту үшін іздеу сөздері және
сөз тіркестері логикалық операторлардың көмегімен біріктірілді.
Нәтижелер. Әмбебап-прогрессивті патронаж моделінің ерекшеліктері, Қазақстандағы жүкті әйелдерге арналған
патронаждық қызметтің жүйесі, және патронаждық сапарларды жоспарлау тәртібі қарастырылған. Атап айтқанда,
әмбебап тәсіл бойынша барлық жүкті әйелдерге міндетті жоспарлы сапарлар жасалса, прогрессивті тәсіл бойынша
қауіп тобындағы әйелдерге жеке жоспар бойынша қосымша патронаждар жүргізіледі. Қазақстанда жүктілік
кезіндегі патронаж 12-ші және 32-ші апталарда жүзеге асырылады, ал патронаж қызметі әмбебап және прогрессивті
пакеттерге бөлінеді. Патронаждық сапарларды жоспарлауда учаскелік халық санағы мен жүкті әйелдер тіркелімі
негізге алынады, ал мейіргерлер сапар алдында нұсқау алып, апта соңында есеп береді.
Қорытынды. Қорытындылай келе, ұсынылған шолу жүктілік пен босануды тиімді жүргізуде мейіргердің
маңызды рөлін растайды. Халықаралық және қазақстандық тәжірибе, әдістемелік нұсқаулар мен алгоритмдер
мейіргерлік істі дамытуға ықпал етеді. Патронаждың әр кезеңінде мейіргер функцияларын жүйелеу
медициналық көмек сапасын арттырады.
Түйінді сөздер: мейіргер ісі, патронаж, жүкті әйелдер, күтім жасау, патронаждық мейіргер

количество просмотров / 👁 74

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған