Алынды: 28.10.2025
Қабылданды: 05.12.2025
Онлайн жарияланды: 31.12.2025
ӘӨЖ: 615.1:614.2:616.2
DOI: 10.26212/2227-1937.2025.68.21.003
ТЫНЫС АЛУ АУРУЛАРЫН ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ОБЛЫСТЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМУ ҮЛГІСІН ӘЗІРЛЕУ
Егізбаева Ш.А.¹, Серикбаева Э.А.¹, Датхаев У.М.¹, Умурзахова Г.Ж.², Жакипбеков К.С.¹
¹С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті,
Алматы, Қазақстан Республикасы.
²Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы
Кіріспе: Тыныс алу ағзаларының аурулары (жедел респираторлық инфекциялар, тұмау,
пневмония, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, бронхиалды демікпе, туберкулез және т.б.)
әлемде және Қазақстан Республикасында сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің негізгі
себептерінің бірі болып табылады. Маусымдық эпидемиялық өрлеулер, пандемиялық
толқындар (COVID-19), антибиотикке төзімділіктің артуы және ингаляциялық әрі
парентералдық дәрілік формаларға жоғары сұраныс фармацевтикалық жеткізу тізбектеріне
күшті қысым түсіреді. Осындай жағдайда өңірлік фармацевтикалық өндірісті дамыту тыныс
алу ағзалары ауруларына арналған дәрілік заттардың тұрақты қолжетімділігін, сапасын және
қолайлы бағасын қамтамасыз етуге бағытталған «дәрілік тұрақтылықтың» негізгі құралына
айналады.
Зерттеудің мақсаты: Тыныс алу ағзалары аурулары кезінде дәрілік тұрақтылықты
қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік фармацевтикалық өндірісті дамытудың ғылыми
негізделген тұжырымдамалық моделін әзірлеу.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу теориялық-талдамалық тәсілге негізделді: тыныс
алу ағзалары ауруларын дәрілік қамтамасыз етуге және фармацевтикалық саланы дамытуға
арналған ғылыми жарияланымдар, нормативтік құжаттар, ұлттық және надұлттық
бағдарламалар жүйелендірілді. Әдістемелік негізді жүйелік көзқарас, динамикалық қабілеттер
теориясы, күрделі адаптивті жүйелер тұжырымдамасы, SWOT және PESTEL-талдау, М.
Портердің «бес күш» үлгісі, стратегиялық форсайт және сценарийлік жоспарлау құрады.
Санықтық талдау үшін жүйелік динамика, имитациялық модельдеу (Монте-Карло), сұранысты
болжау (ARIMA және т.б.), сондай-ақ тыныс алу ағзалары ауруларына арналған дәрілік
заттарды өндіру стратегияларын таңдауда көпкритерийлі бағалау әдістері (AHP, TOPSIS)
ұсынылды. Модель теориялық сипатта әзірленді.
Нәтижелер: Қазақстан жағдайында тыныс алу ағзалары ауруларын емдеуге арналған
дәрілік препараттар сегментін ескеретін өңірлік фармацевтикалық өндірістің тұрақтылығын
бағалаудың тұжырымдамалық моделі жасалды. Модель келесі кезеңдерді қамтиды: (1)
саланың ағымдағы жағдайын диагностикалық бағалау; (2) дәрілік тұрақтылықтың
интегралды индикаторларын қалыптастыру; (3) маусымдық, эпидемиялық және
логистикалық тәуекелдерді ескеретін сценарийлік модельдеу; (4) жүйелік динамика және
стресс-тесттер негізінде сандық талдау; (5) AHP және TOPSIS көмегімен стратегиялық
29 шешімдерді көпкритерийлі ранжирлеу; (6) негізгі мүдделі тараптардың қатысуымен модельді валидациялау және бейімдеу.
Талқылау: Ұсынылған модель кластерлік, индустриялық-мемлекеттік, лицензиялықфранчайзингтік, CDMO және ашық инновациялар үлгілерінің элементтерін респираторлық ауруларға арналған дәрілердің өндірісін дамыту контекстінде біріктіреді. Ингаляциялық кортикостероидтар, бронхолитиктер, антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар, вакцина және оттегі терапиясына арналған өнімдер өндірісін кезең-кезеңімен локализациялау, өңірлік кластерлер мен технологиялық трансферді дамыту дәрілік тұрақтылықты күшейтуге мүмкіндік беретіні көрсетілді.
Қорытындылар. Әзірленген тұжырымдамалық модель тыныс алу ағзалары
ауруларында дәрілік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік фармацевтикалық
өндірісті дамытудың ұлттық және өңірлік саясатын қалыптастыру үшін теориялық негіз бола
алады. Зерттеудің шектеулері – эмпирикалық апробацияның болмауы және өңірлік
статистикалық деректердің жеткіліксіздігі, бұл модельді нақты кәсіпорындар деңгейінде
пилоттық сынақтан өткізуді және әрі қарай жетілдіруді талап етеді.
Түйінді сөздер: өңірлік фармацевтикалық өндіріс, дәрілік тұрақтылық, тыныс алу
ағзалары аурулары, стратегиялық жоспарлау, жүйелік динамика, CDMO, ашық инновациялар.
