ПОСЛЕОПЕРАЦИОННОЕ ВНУТРИВЕННОЕ ВВЕДЕНИЕ ЛИДОКАИНА ДЛЯ ПРОФИЛАКТИКИ ГЕМОДИНАМИЧЕСКИХ НАРУШЕНИЙ У ПАЦИЕНТОВ С СОПУТСТВУЮЩЕЙ АРТЕРИАЛЬНОЙ ГИПЕРТЕНЗИЕЙ

Алынды: 12.01.2026
Қабылданды: 22.01.2026
Онлайн жарияланды: 20.03.2026
УДК: 616.01-099
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.43.63.001

ҚОСАЛҚЫ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРДЕ ГЕМОДИНАМИКАЛЫҚ БҰЗЫЛУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЛИДОКАИНДІ ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ ТАМЫРІШІЛІК ЕНГІЗУ

Муздубаева Б.Т.

ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, Алматы, Қазақстан


Кіріспе. Наркоздан шығу – ағзаның ауырсынуға, ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдығын қалпына келтірумен қатар жүретін күрделі процесс. Ояну кезеңінде пациенттің жайлылығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі пациентті кеңірдекті экстубациялау кезінде симпато-адренал жүйесінің (САЖ) шамадан тыс реакциясынан қорғау болып табылады.

Зерттеудің мақсаты. Ойықтыру кезінде операциядан кейінгі гемодинамикалық бұзылулардың алдын алу үшін лидокаиннің тиімділігін бағалау.

Материалдар мен әдістер. Жалпы эндотрахеалдық анестезиядан кейін, өкпе туберкулезі және сүйектер мен буындар туберкулезі бар пациенттерге операциялық араласудан кейін оянудың 67 жағдайына зерттеу жүргізілді. Деректерді өңдеу StatTech 2.2.0 Excel көмегімен жүргізілді.

Нәтижелер. Наркоздан кейін оянғанға дейін 1,5 мг/кг дозада лидокаин егілген пациенттерде орташа қан қысымы және жүрек қысқаруының жиілігі көрсеткіштерін талдау кезінде неғұрлым тегіс оянуды қамтамасыз етуге және ілеспе артериялық гипертензиясы бар пациенттерде артериялық қан қысымы мен жүрек қысқаруының жиілігі шамадан тыс көтерілуін болдырмауға мүмкіндік берді.

Талқылау. Амидті анестетиктерді, атап айтқанда лидокаинді венаішілік енгізу перифериялық рецепторлардың ауырсыну тітіркендіргіштеріне сезімталдығын төмендетеді және осылайша наркоздан шыққан кезде САЖ реакциясын төмендетеді.

Қорытынды. Біз алған деректер операциядан кейінгі ояну қауіпсіздігі мен гемодинамиканың тұрақтылығы лидокаин енгізу кезінде айтарлықтай жоғары деңгейде болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: лидокаин, ояну, орта қан қысымы, жүрек соғуының жиілігі, симпато-адренал жүйесі, артериялық гипертензия.

количество просмотров / 👁 49

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған