2024 ЖЫЛЫ ТУҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕКПЕЛЕРМЕН ҚАМТЫЛУЫ ЕМХАНА ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША

Алынды: 08.12.2025
Қабылданды: 10.12.2025
Онлайн жарияланды: 31.12.2025
ӘӨЖ: 616-053.2-084+615.371
DOI: 10.26212/2227-1937.2025.21.20.006

 

2024 ЖЫЛЫ ТУҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕКПЕЛЕРМЕН ҚАМТЫЛУЫ ЕМХАНА ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША

 

Сарбасова Ж.О.¹, Бокетова Б.Н.¹, Калыкова У.А.¹, Черникова Н.Г.¹
¹С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

 

Өзектілігі. Вакциналармен басқарылатын инфекциялар санының артуы және балалар
арасындағы вакцинациямен қамтуды бақылау қажеттілігімен анықталады.

Зерттеудің мақсаты — 2024 жылы туған, емханаға тіркелген балалар арасында
туберкулезге қарсы екпені қоса алғанда, профилактикалық вакцинациямен қамтылуды
және оның уақыттылығын бағалау.

Материалдар мен әдістер: №112 нысаны бойынша 204 баланың даму тарихына
ретроспективті бірмезеттік талдау жүргізілді. Кейін алынған деректер электрондық
форматтағы №63 нысанына сәйкес келетін профилактикалық екпелердің электрондық
карталарымен қайта тексерілді.

Нәтижелер және талқылау. Нәтижелер бойынша туберкулезге қарсы екпені 173 бала
(84,8%) алған, В гепатитіне қарсы екпені – 180 бала (88,2%), 113 балаға (55,4%)
Инфанрикс-гекса вакцинасының бірінші дозасы, 85 балаға (42%) екінші дозасы, сондайақ 85 балаға (42%) Пентаксим егілді. Превенар вакцинасымен иммундау: 1-доза — 116
бала (57%), 2-доза — 81 бала (40%), 3-доза — 34 бала (17%). Қызылша, қызамық және
паротитке қарсы вакцина 61 балаға (30%) жүргізілді. ОПВ ревакцинациясы 23 балаға
(11%) жасалды.

Қорытынды: Туберкулезге қарсы екпені 84,8% алған, В гепатитіне қарсы екпені 88,2%.
Пневмокок инфекциясына қарсы вакцинацияның (үшінші доза), қызылша, қызамық,
паротитке қарсы вакцинацияның, сондай-ақ полиомиелитке қарсы вакцинацияның
(төртінші доза, ревакцинация) қамтылуы мен мерзімдерінің жеткіліксіз болуы
балалардың вакциналау жасына жетпеуімен, медициналық қарсы көрсетілімдермен, бас
тартулармен және анықталмаған себептермен байланысты.

Түйін сөздер: вакцинация, туберкулез, БЦЖ вакцинасы, қамту, балалар, егу күнтізбесі,
уақытылылық, поликлиника.

 

количество просмотров / 👁 61

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған