Алынды: 05.09.2025
Қабылданды:26.12.2025
Онлайн жарияланды: 20.03.2026
ӘӨЖ: 616.24-002.5+ 618.5-08
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.26.21.010
ЖҮКТІЛІКТІҢ 35-36 АПТАСЫНДА ДАМЫҒАН ӨКПЕДЕН ҚАН КЕТУДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (клиникалық жағдай)
Арымбаева А.Б., Баймухамбетов Б.Д., Ибраимов А.Т., Ибраев Ж.А., Бектурсынов Б.У.
ҚР фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы, Алматы, Қазақстан
Кіріспе. Өкпе туберкулезі әлемнің көптеген елдерінде халық денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіретін аса маңызды жұқпалы аурулардың бірі болып қала береді. Тіпті сәтті емделгеннен кейін де науқастарда жиі қалдық өзгерістер (фиброзды тыртықтар, каверналар, бронхоэктаздар) сақталып, олар өкпеден қан кетумен асқынуы мүмкін. Мұндай асқынулар әсіресе жүктілік кезінде тыныс алу жүйесіне жүктеме артқан жағдайда қауіпті.
Зерттеудің мақсаты. Жүктіліктің кеш кезеңінде өкпеден қан кетумен түскен жүкті әйелдің диагностикасы мен емінің ерекшеліктерін көрсету, сонымен қатар аспаптық зерттеу әдістерінің рөлін және кешенді тәсілдің тиімділігін айқындау.
Материалдар мен әдістер. Пациенттің жеке деректері көрсетілместен клиникалық жағдайды сипаттап жариялауға ерікті ақпараттандырылған келісімі алынды. Тексеру бекітілген алгоритм бойынша жүргізілді. Қан кетудің көзін анықтау үшін фибробронхоскопия (ФБС) жасалып, клапанды бронхоблокада орындалды. Қан кетуді тоқтату мақсатында өкпенің резекциясы жүргізілді, операциялық материал Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының патоморфологиялық зертханасында гистологиялық тексеріске жіберілді.
Нәтижелер. Жүктіліктің кеш мерзімінде дамыған өкпеден қан кету жағдайына қарамастан, уақытылы жасалған ФБС, биопсия және гистологиялық зерттеу, сондай-ақ кешенді хирургиялық ем нәтижесінде ана мен баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болды.
Талқылау. Ұсынылған клиникалық жағдай екі өмірге қауіп төндіретін асқынуды қамтиды: өкпеден және акушерлік қан кету. Ерекшелігі – морфологиялық тұрғыдан расталған туберкулемада бактерия бөлінуінің болмауы. Хирургиялық араласулардың (лобэктомия және жатырды экстирпациялау) және қарқынды терапияның үйлесімі қолайлы нәтижеге жеткізді. Бұл жағдай мультидисциплинарлық тәсілдің және жедел шешімдер қабылдауға дайындықтың маңыздылығын көрсетеді.
Қорытынды. Фтизиатриялық анамнезі бар жүкті әйелдерге ерекше назар аударуды және мультидисциплинарлық жүргізуді талап етеді. Уақтылы хирургиялық араласулар мен жеткілікті қарқынды терапия ана мен баланың өмірін сақтауда шешуші рөл атқарады.
Түйінді сөздер: өкпеден қан кету, туберкулез, жүктілік.
количество просмотров / 👁 41