Алынды: 23.09.2025
Қабылданды:25.12.2025
Онлайн жарияланды: 20.03.2026
ӘӨЖ: 616.24-002.5’036.87-07-08
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.83.87.009
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ РЕЦИДИВІҢ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ МОНИТОРИНГІНДЕГІ НЕОПТЕРИН (ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)
ТанжарыковаГ.Н. ¹, Дильмагамбетов Д.С. ¹, Морозова Т.И. ², Ильясов Е.Н. ³
¹ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ, Ақтөбе, Қазақстан
² РФ ДСМ-нің «В.И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университеті» ФМБЖББМ, Саратов, Ресей
³ ШЖҚ «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы» КМК, Ақтөбе, Қазақстан
Кіріспе: Қазіргі таңда туберкулез денсаулық сақтау саласындағы жаһандық мәселелердің бірі болып қала береді. Диагностика мен емдеудің заманауи әдістерінің енгізілгеніне қарамастан, туберкулез дәріге көнбейтін түрлерімен және рецидивтің таралуымен сипатталады. Осыған байланысты туберкулезді диагностикалаудың дәлдігін арттырып, емдеу барысын тиімді бақылауға мүмкіндік беретін биомаркерлерді іздеуге қызығушылық артып отыр. Неоптерин — перспективті маркерлердің бірі ретінде қарастырылады, себебі ол жасушалық иммунитеттің белсендірілуін көрсетіп, 96ыны салу ағзаларының туберкулезі кезінде маңызды диагностикалық әрі болжамдық көрсеткіш бола алады.
Зерттеудің мақсаты: Туберкулездің қайталануын анықтау мен емдеу барысын бақылауда неоптериннің диагностикалық және болжамдық рөлін зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Әдебиеттерді іздеу 2013-2025 жылдар аралығында халықаралық және өңірлік дерекқорларда (Web of Science, Scopus, PubMed, Google Scholar, eLIBRARY, CyberLeninka) жүргізілді. Талдауға туберкулезбен ауыратын ересек науқастардағы неоптерин деңгейлері туралы деректер бар түпнұсқалық зерттеулер, жүйелі шолулар, метаанализдер және клиникалық сынақтар енгізілді.
Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері бойынша туберкулездің алғаш анықталған түрлеріне қарағанда рецидивтік жағдайларда неоптерин деңгейі айтарлықтай жоғары екені байқалды, бұл жасушалық иммундық жауаптың күшейген белсенділігін көрсетеді және аурудың клиникалық ағымының ауырлығымен өзара байланыста болады. Аталған биомаркер туберкулездің қолайсыз аяқталу қаупін бағалау, рецидивтердің алдын ала болжамын жасау және емнің тиімділігін бақылау үшін қолдануға перспективті құрал ретінде танылды.
Талқылау. Неоптерин туберкулездің рецидиві кездерінде жоғары диагностикалық және болжамдық маңыздылығын көрсетеді, жасушалық иммундық жауаптың активтілігін көрсетеді. Емдеу барысындағы оның динамикасы клиникалық нәтижемен және қайталану қаупімен байланысты, бұл неоптеринді клиникалық бағалау қосымша көрсеткіші ретінде пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.
Қорытынды. Неоптерин жасушалық иммунитеттің белсендірілуін көрсетеді және белсенді туберкулезбен, оның ішінде рецидивтермен және аурудың ауырлығымен корреляцияланады. Неоптерин туберкулезді диагностикалау мен емдеу мониторингінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін құнды қосымша биомаркер. Алынған мәліметтер әдісті стандартизациялау және неоптеринді клиникалық практикаға енгізу үшін көпорталықты әрі зерттеулер жүргізудің өзектілігін растайды.
Түйінді сөздер: туберкулездің рецидиві, қайталанған жағдай, 96ыны салу мүшелерінің туберкулезі, неоптерин, биомаркер, туберкулезді диагностикалау, туберкулездің емін бақылау.
