Алынды: 08.12.2025
Қабылданды: 17.12.2025
Онлайн жарияланды: 31.12.2025
ӘӨЖ: 616.24-002.5:615.1:614.2
DOI: 10.26212/2227-1937.2025.98.99.002
ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ДӘРІЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: РЕТТЕУ, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК, БАҒА САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ (ШОЛУ)
РАХЫМБАЕВ Н.А. ¹, ЖАКИПБЕКОВ К.С.¹, СЕРИКБАЕВА Э.А.¹*, АШИРОВ М.З.¹,
УМУРЗАХОВА Г.Ж.², ШИМИРОВА Ж.К.²
¹ «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» КЕАҚ,
Қазақстан, Алматы
² «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ, Қазақстан, Шымкент
*Корреспондент автор
Андатпа: Туберкулезбен ауыратын науқастарды тиімді дәрілік қамтамасыз ету ем
нәтижелері мен эпидемиологиялық көрсеткіштерге тікелей әсер ететін негізгі факторлардың
бірі болып табылады. Дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі, баға реттеуі, сапасы мен қауіпсіздігі,
сондай-ақ қаржыландыру тетіктерінің тұрақтылығы туберкулезге қарсы күрестің тиімділігін
айқындайды.
Зерттеудің мақсаты – туберкулезбен ауыратын науқастарды дәрілік қамтамасыз етуді
реттеу, қолжетімділік, баға саясаты және қаржыландыру модельдерінің халықаралық
тәжірибесін жүйелі талдау және Қазақстан жағдайында қолдануға болатын тиімді тетіктерді
айқындау.
Материалдар мен әдістер: Шолу мақала narrative review форматында орындалды. Талдау
барысында ДДҰ ұсынымдары, Global Drug Facility деректері, FDA, EMA, PMDA нормативтік
құжаттары және PubMed, PMC, Frontiers, JAMA дерекқорларындағы ғылыми жарияланымдар
пайдаланылды. Дәрілік қамтамасыз ету жүйелері реттеу, қолжетімділік, баға белгілеу және
қаржыландыру модельдері тұрғысынан салыстырмалы түрде бағаланды.
Нәтижелер: Халықаралық тәжірибе туберкулезге қарсы дәрілік қамтамасыз етудің
тиімділігі орталықтандырылған реттеу, дженерик препараттарды қолдану, мемлекеттік немесе әлеуметтік сақтандыру арқылы қаржыландыру және дамыған фармакоқадағалау жүйелерімен байланысты екенін көрсетті. Франция, Германия, Ұлыбритания және Канадада баға мен өтемақы мемлекеттік деңгейде реттеледі, ал АҚШ пен Үндістанда нарықтық және аралас модельдер басым. Дамушы елдерде негізгі шектеулер ретінде жоғары баға мен жеткізу тұрақсыздығы анықталды.
Қорытынды: Халықаралық тәжірибе әлеуметтік сақтандыру мен мемлекеттік реттеудің
үйлестірілген моделінің тиімділігін көрсетеді. Қолжетімділікті арттыру үшін дженериктерді
кеңінен енгізу, баға саясатын мемлекеттік бақылау және фармакоқадағалауды күшейту
маңызды. Бұл тәсілдер Қазақстандағы туберкулезге қарсы дәрілік қамтамасыз ету жүйесін
жетілдіру үшін практикалық мәнге ие.
Түйін сөздер: туберкулез, дәрілік қамтамасыз ету, халықаралық тәжірибе, баға саясаты,
қаржыландыру модельдері, фармакоқадағалау.
количество просмотров / 👁 51
