ЖҮЙЕЛІК ДӘНЕКЕР ТІН АУРУЫ КЕЗІНДЕ ӨКПЕНІҢ ИНТЕРСТИЦИАЛЬДЫ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ: ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР ЖӘНЕ ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

Алынды: 27.11.2025
Қабылданды: 30.12.2025
Онлайн жарияланды: 20.03.2026
ӘӨЖ: 616.24-002.17:616.72-002.77-07-08
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.80.80.005

ЖҮЙЕЛІК ДӘНЕКЕР ТІН АУРУЫ КЕЗІНДЕ ӨКПЕНІҢ ИНТЕРСТИЦИАЛЬДЫ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ: ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР ЖӘНЕ ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

Жәділ А.Д. ¹·², Касенова С.Л. ¹ , Токторова Н.А. ¹

¹ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ, Алматы, Қазақстан

² С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан

Кіріспе. Өкпенің интерстициальды аурулары (ӨИА) — өкпенің интерстициальды тінінің қабынуымен және/немесе фиброзымен сипатталатын 200-ден астам патологияның гетерогенді тобы. Өзектілігі таралудың өсуімен, ерте диагностиканың қиындықтарымен және клиникалық көріністердің айтарлықтай әртүрлілігімен анықталады. Дәнекер тіннің жүйелік ауруларымен байланысты интерстициальді өкпе зақымданулары көбінесе негізгі аурудың ағымын қиындатады және оның алғашқы көрінісі болуы мүмкін.

Зерттеудің мақсаты. Жас пациентте өкпенің интерстициальды зақымдануының себебін анықтау және Шегрен синдромы аясында өкпенің интерстициальды ауруының клиникалық ағымы мен диагностикасының ерекшеліктерін талдау.

Материалдар мен әдістер. Емдеу және динамикалық бақылау клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізілді. Диагнозды нақтылау үшін пульмонолог пен ревматологтың қатысуымен консилиум өткізілді. Науқастан жеке ақпаратты көрсетпей, осы клиникалық жағдайды баяндауға және жариялауға ерікті түрде ақпараттандырылған келісім алынды.

Нәтижелер. Науқаста бір жыл ішінде өкпедегі қайталанатын екі жақты өзгерістер пневмония деп бағаланып, антибиотикалық терапия тағайындалып, тиімсіз болды. КТ мәліметтері бойынша спецификалық емес интерстициальды пневмония паттерні анықталды, спирометрия бойынша рестриктивті бұзылыстар және DLCO төмендеуі байқалды. Иммунологиялық зерттеу оң антинуклеарлық факторды және SS-A антиденелерін анықтады; клиникалық, аспаптық және зертханалық деректерді ескере отырып, Шегрен ауруымен байланысты интерстициальды өкпе ауруы диагнозы қойылды. Базисті терапия тағайындалды.

Талқылау. Шегрен ауруындағы өкпенің интерстициальды ауруы диагностикалық қиындықтармен сипатталады, өйткені өкпенің зақымдануы ревматологиялық аурудың алғашқы көріністерінің бірі болуы мүмкін, бұл терең тексерудің қажеттілігін көрсетеді.

Қорытынды. Бұл клиникалық жағдай пульмонологтар мен ревматологтардың ерте консилиум жасалудың, сондай-ақ өкпесінде түсініксіз интерстициальды өзгерістері бар және стандартты антибиотикалық терапияның әсері жоқ пациенттерде иммунологиялық скрининг жүргізудің қажеттілігін көрсетеді.

Түйінді сөздер: өкпенің интерстициальды ауруы; Шегрен синдромы; спецификалық емес интерстициальды пневмония; дәнекер тінінің жүйелік аурулары; антинуклеарлық фактор; глюкокортикостероидтар; иммуносупрессанттар.

количество просмотров / 👁 46

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған