Алынды: 20.11.2025
Қабылданды: 17.03.2026
Онлайн жарияланды: 20.03.2026
ӘӨЖ: 612.216.2
DOI: 10.26212/2227-1937.2026.87.18.004
БРОНХОПУЛЬМОНАЛДЫ ЖҮЙЕНІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ МАҚСАТЫНДА АЖЖ – РАДИОТОЛҚЫНДАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ӨКПЕНІҢ АУА ӨТКІЗГІШТІГІН ЗЕРТТЕУ
Есетова Г.У. 1, Мендакулов Ж.К. 2, Төлеген А.Ж. 3, Рахимжанова Б.Т. 4
1,3,4 «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» АҚ,
Алматы, Қазақстан
2 «Гранит» ОҚТБ ЖШС, Алматы, Қазақстан
Кіріспе. Тыныс алу жолдарының аурулары бүкіл әлемде аурушаңдық пен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қоршаған ортаның нашарлауы және созылмалы тыныс алу жолдарының ауруларының көбеюі медицинаны өкпе денсаулығын ерте диагностикалау және бақылауға мәжбүр етеді. Рентгенография, компьютерлік томография және функционалдық тестілеу сияқты заманауи өкпені тексеру әдістері құнды ақпарат береді; дегенмен, олардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігі тұрғысынан шектеулері бар. Тыныс алу жүйесін зерттеудің бір жаңа әдісі – пульмонографты (ПЖ) пайдаланатын микротолқынды радиожиілік әдісі. Бұл
радиожиілікті зондтау әдісі ингаляция және дем шығару кезінде өкпенің бұлшықет қабаты мен ауа арасындағы диэлектрлік өткізгіштіктің айырмашылығына негізделген.
Зерттеудің мақсаты. АЖЖ-радиотолқындарды пайдалана отырып, пульмонограф көмегімен өкпенің ауалылығын зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Бұл мақалада иондамайтын аса жоғары жиілікті (АЖЖ) пульмонографты пайдаланып өкпенің ауалылығын диагностикалаудың жаңа әдісі қарастырылады. Бұл әдіс тыныс алудың әртүрлі фазаларында – ингаляция және дем шығару кезінде кеуде қуысының, өкпенің және ауаның диэлектрлік өткізгіштігінің өзгерістерін тіркеуге негізделген.
Нәтижелер. Пульмонографты зерттеудің графикалық нәтижелері алынды, олар өкпенің ауалылығының жағдайын көрсетеді.
Талқылау. Қазіргі уақытта өкпе патологияларын диагностикалау үшін әртүрлі диагностикалық әдістер қолданылады, соның ішінде қанның жалпы талдауы, биохимиялық қан анализі, қақырық талдауы, спирография, рентгенографиялық әдістер және т.б. Бұл зерттеу адамның кеуде қуысы арқылы АЖЖ электромагниттік сәулеленуінің таралуын зерттеуге негізделген тыныс алу жүйесінің инвазивті емес диагностикасының жаңа әдісін ұсынады.
Қорытынды. Радиожиілікті өкпе зерттеу әдісінің – пульмонографтардың – эксперименталды зерттеу нәтижелері ұсынылған. Алынған нәтижелер тыныс алу жолдарының ауруларын ерте диагностикалау және алдын алуда пульмонографты қолдануды одан әрі зерттеуге мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: бронхөкпелікжүйе, диагностикалық әдістер, инвазивті емес диагностика, заманауи әдістер.
количество просмотров / 👁 47