ЖҮРЕК МИОКАРДЫ ИНФАРКТЫСЫНА ШАЛДЫҚҚАН АУРУЛАР АРАСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІК ПЕН ЕРТЕ ӨЛІМГЕ ҰШЫРАУ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА АЛЫП КЕЛЕТІН НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІКГИГИЕНАЛЫҚ ҚАУІПТІ СЕБЕПТЕРІНІҢ ТАРАЛУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ

ЖҮРЕК МИОКАРДЫ ИНФАРКТЫСЫНА ШАЛДЫҚҚАН АУРУЛАР АРАСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІК ПЕН
ЕРТЕ ӨЛІМГЕ ҰШЫРАУ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА АЛЫП КЕЛЕТІН НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІКГИГИЕНАЛЫҚ ҚАУІПТІ СЕБЕПТЕРІНІҢ ТАРАЛУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ
Булешов М.А. 1 ,Есенбеков Б.К. 1,3, Ергешбаева У.А.2,
Булешов Д.М. 1,3 , Болатбеков Б.А. 1,4,
Турсунбеков А.Б. 3,
Булешова А.М. 1,Сайлау Е.3,Құрамыс C.1,4,Болатбекова З.С. 4
1 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркістан қаласы, Қазақстан. 2 Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, Шымкент қаласы, Қазақстан. 3 КеАҚ «Шымкент жүрек орталығы», Шымкент қаласы, Қазақстан. 4 ЖШС «Кардиомед клиникасы» , Шымкент қаласы, Қазақстан.
Кіріспе. Миокард инфарктісіне бойынша көпжылдық зерттеу жұмыстары осы патологиядан туындайтын
аурушаңдық және өлім көрсеткішінің деңгейін төмендету үшін, оған алып келетін негізгі қауіпті
себептерді жекелей әрбір адамның арасында анықтап, олардың қатарласа әсер ету қуатын және олардың
әсер етуінен туындайтын болжамды асқынуларды анықтау керек. Сол себепті зерттеудің мақсаты –
жүрек миокарды инфарктысымен ауырған науқастардың арасында асқыну туғызып, ерте жастан өлімге
ұшырататын қауыпты себептердің таралу жиілігін және болжамдық қатерлігін анықтау.
Материалдар мен әдіснамасы. Зерттеу барысында пациенттер арасында арнайы құрастырылған
сұрақнаманың көмегімен жүрек ишемиясын асқындыратын себептердің таралу деңгейін анықтадық.
Қауіпті себептердің қатерлілік қуатын анықтау барысында болжамдық индекс қолданылды. Зерттеуге
жүрек миокарды инфарктысымен ауырған 252 науқас (негізгі топ) және осы патологияға шалдықпаған,
анамнезінде бұл патология туралы деректері жоқғ яғни миокард инфарктсымен ауырмаған 254 науқас
(салыстыру тобы) тартылды.
Нәтижелер. Жүрек миокардысының инфарктысын тудыратын отбасылық қауыпты себептер
респонденттердің 54,2%-ында анықталып отыр. қанағаттандырусыз тұрғын үй жағдайы тұрғындар
арасында миокард инфарктысын тудыратын аса қауыпты қатерлі себептердің ішінде 1 рангалық орын
алады. Күніне 10–15 сигарет шегетіндер мен тоқтаусыз темекі шегетіндер арасында және де
таңертеңгілік дене тәрбиесімен айналыспайтындар арасында да инфаркт ауруымен науқастанғандардың
үлес салмағы жоғары.
Талқылау. Зерттеулер жүрек миокарды инфарктісінің алдын алу үшін профилактикалық шаралардың
маңызды екенін, бірақ олардың тиімділігі үшін қатерлі себептердің әсерін анықтаудың қиын екенін
көрсетеді. Сонымен қатар, жүрек ауруларының қаупі көбінесе клиникалық жағдайлар мен өмір салтының
әсерінен туындайды, ал генетикалық бейімділік аз ықпал етеді.
Қорытынды. Зерттелген жүрек миокарды инфарктысына шалдыққан аурулар арасындағы мүгедектік
пен ерте өлімге ұшырау оқиғаларының дамуына алып келетін негізгі әлеуметтік-гигиеналық қауіпті
себептерге тұрғын үйдің қанағаттандырмайтын жағдайы мен тоқтаусыз темекі шегу ең әсерлі Кілтті сөздер: жүрек ишемиясы, асқынуы, ерте жастан өлім, болжамдау индексі, аса қауіпті себептер

количество просмотров / 👁 60

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған