ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ МЕН ҚАЛЫПТЫҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫНА ӘСЕРІ

Алынды: 01.10.2024 Қабылданды: 18.10.2024 Онлайн жарияланды: 30.12.2024
DOI 10.26212/2227-1937.2025.80.49.015
УДК 616-036.21:314.48
ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ МЕН ҚАЛЫПТЫҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫНА ӘСЕРІ
(ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)
М. Туйебахов1, ORCID: 0009-0004-0110-006x
А.К. Текманова2, ORCID: 0000-0002-2347-3359
Э.И. Кусайынова2, ORCID: 0000-0001-6169-9204
А.Н. Нұрбақыт2, ORCID: 0000-0002-4854-6809
Д.Ж. Абуов 2, ORCID: 0000 0002 0159 4272
А.Н. Адильханова3, ORCID: 0000-0001-8152-9288
Н.З. Хайруллаева2, ORCID:0000-0002-8037-2677
1«ҚДСЖМ» Қазақстандың медицина университет1, Алматы қ., Қазақстан
2С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ., Қазақстан
3Қазақстан Ресей медицина университеті1, Алматы қ., Қазақстан
Кіріспе. Баланың дамуы-бұл тірек-қимыл аппаратының дұрыс жұмыс істеуі мен денесінің дұрыс қалыпта болуы
маңызды рөл атқаратын күрделі процесс. Тірек-қимыл аппаратының қалпы мен денсаулығы физикалық дамумен,
сондай-ақ жүйке, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары сияқты басқа дене жүйелерінің дамуымен тығыз байланыста
болады. Дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі қалыптың бұзылуы осы жүйелердің жағдайына айтарлықтай әсер етуі
мүмкін. Бұл жағдайда дер кезінде шара қолданып түзетуді қажет етеді.
Шолудың мақсаты. Дене бітімі мен тірек-қимыл аппаратының жағдайының бұзылуының балалар ағзасының
әртүрлі жүйелерінің жұмысына әсері туралы деректерге шолу. Сондай-ақ, балалар физиологиясының ерекшеліктерін
ескере отырып, осы бұзылуларды диагностикалау мен мүсіде пайда болатын ауытқуларды түзету әдістерін талдау.
Материалдар мен әдістері. Мақалада дене бітімінің бұзылуы мен тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және ас қорыту
жүйесінің нашарлауы арасындағы байланысты растайтын заманауи зерттеулер талданады. Сонымен қатар
психоэмоционалды аспектілер де талқыланады. Себебі, бала денесінің мүсіні бұзылған жағдайларда өзін-өзі бағалау
мен әлеуметтік бейімделу мәселелері жиі кездеседі.
Негізгі алынған нәтижелер физикалық терапия мен арнайы жаттығуларды қоса алғанда, мүсіннің бұзылуын ерте
диагностикалау және түзету бойынша негізгі ұсынымдарды ұсынады. Сонымен қатар, балалар арасында ауру
деңгейін төмендету үшін білім беру мекемелеріне алдын алу бағдарламаларын енгізу қажеттілігіне баса назар
аударылады.
Қорытынды. Дене бітімі мен тірек-қимыл аппараты балалардың дамуында маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар
дененің басқа жүйелерінің жұмысына әсер етеді. Сколиоз және кифоз сияқты дененің бұзылуы тыныс алу, жүрек және
жүйке жүйесінің мәселелеріне әкелуі мүмкін. Дене шынықтыру мен физиотерапияны қолдана отырып біз ерте
аурудың көрінуі мен кешенді түзету шаралары ауыр аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, мақалада
тақырыптың өзектілігі жәнеде балалардың жалпы денсаулығы мен өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін
қалыптың бұзылуын шешуге кешенді көзқарастың қажеттілігі атап өтіледі.
Түйінді сөздер: жіктелуі, бұзылу, қалып, арқа, омыртқа, дорсопатия, деформация, сколиоз

количество просмотров / 👁 59

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *