МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Алынды: 14.11.2024 Қабылданды: 30.11.2024 Онлайн жарияланды: 30.12.2024
DOI 10.26212/2227-1937.2025.62.59.037
УДК 331.101.3
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)
Н.Н. Нарымбаева¹, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-2060-8158
Г.Қ. Жұмағұл¹, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-2809-2248
А.Б. Шакенова¹, ORCID: https://orcid.org/0009-0009-7380-9963
Н. Мәдиярқызы¹, ORCID: https://orcid.org/0009-0002-3310-8600
А.Н.Жумадуллаева¹, ORCID: https://orcid.org/0009-0003-4355-8143
Л.З. Назарова², ORCID: https://orcid.org/0009-0001-2197-3253
В.С.Рахметова3, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-5721-6409
¹«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
² С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
3Астана медицина университеті», Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Түйін
Кіріспе. Медициналық көмектің сапасы медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен қызығушылығына тікелей
байланысты, бұл мотивациялық факторларды зерттеуді ерекше өзекті етеді. Эмпирикалық зерттеулерге шолу
мотивация мен медициналық қызмет көрсету сапасының, сондай-ақ пациенттердің қанағаттануының арасындағы
байланысты көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты. Медицина ұйымдары қызметкерлерінің мотивациясы және оның жұмысқа әсерін әлемдік және
отандық зерттеулерді талдау арқылы анықтап, тиімді ынталандыру жүйесін құруға ықпал ететін ұсыныстар әзірлеу.
Материалдар мен әдістер. Scopus, Web of Science, PubMed, Google Scholar, Е-library ғылыми дерекқорларынан әлем
бойынша медицина қызметкерлерін жұмысқа ынталандыру мен мотивациялық факторлар туралы отандық және
шетелдік авторлардың мақалаларына шолу жасалды. Әдеби шолуға енгізілген басылымдар орыс және ағылшын
тілдеріндегі толық мәтінді мақалаларды қамтыды.
Нәтижелері. Медицина қызметкерлерінің мотивациясы әр елде түрлі мақсатта зерттелген. Көптеген
жарияланымдар медицина қызметкерлерінің ынталандыруларын қаржылық және қаржылық емес түрлерге бөледі.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі үшін қызметкерлердің жұмысқа қанағаттануын және ынталандыру
әдістерінің маңыздылығын дұрыс түсінудің рөлі зор.
Қорытынды. Мақаланың соңында медициналық мекемелердің басшыларына жұмыс процестерін жақсартуға және
көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді ынталандыру стратегияларын әзірлеу және енгізу
бойынша ұсыныстар берілген.
Түйінді сөздер: мотивация, денсаулық сақтау қызметкерлері, денсаулық сақтау жүйесі, сыйақы

количество просмотров / 👁 63

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *