ЖАҢА ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДА АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ БЕРІЛУІНІҢ МІНЕЗҚҰЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ

ЖАҢА ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДА АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ БЕРІЛУІНІҢ МІНЕЗҚҰЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ
М.А. Рамазанова1, В.Ю. Байсугурова2, Б.С. Турдалиева3,
Г.Е. Аимбетова2, А.Н. Нурбакыт2, А.П. Минина3, Н.С. Юсупова3, Ж.Е. Аталыкова2
1 «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» КМУ, Алматы қ., Қазақстан
2 «С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, Алматы қ., Қазақстан
3 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ Дерматология және инфекциялық
аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Қазақстан
Кіріспе. Жаңа психоактивті заттарды тұтынушылар арасында адам иммун тапшылығы вирусы
инфекциясының берілуіне байланысты мінез-құлықтық тәуекелдер – қазіргі таңда әлем бойынша бұл
заттарды қолданудың өсуіне байланысты маңызды мәселе болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Жаңа психоактивті заттарды қолданудың адам иммун тапшылығы вирусы
инфекциясының берілу қаупіне әсерін талдау, ең осал топтарды анықтау және осы санаттағы
қолданушылар арасында адам иммун тапшылығы вирусы инфекциясының таралу деңгейін бағалау.
Материалдар мен әдістер. Біз PubMed ғылыми дерекқорыннан «HIV Infections» [Mesh] және «Synthetic
Drugs» [Mesh] кілт сөздері бойынша әдеби дереккөздерге іздеу және талдау жүргіздік. Барлығы 14 нәтиже
алынды. Сондай-ақ біз іздеу кезінде келесі сүзгілерді қолдандық: «free full text» (ашық толық мәтінді)
және «in the last 10 years» (соңғы 10 жыл ішінде). Google Scholar дерекқорында (new psychoactive substance
or synthetic drugs or narcotic salt) and (HIV-infected people) and (prevalence us use) and (systematic review)
кілт сөздері бойынша іздеу жүргіздік. Барлығы 99 шолу табылды, соңғы 5 жылда – 26. Тек 1 шолу қосу
критерийлеріне сәйкес келді: жаңа психоактивті заттарды қолдану және адам иммун тапшылығы вирусы
инфекциясын жұқтыру үшін қауіпті мінез-құлық.
Нәтижелер. Жаңа психоактивті заттарды қолдану әлеуметтік кедергілерді төмендетіп, жыныстық
белсенділікті арттырады және қорғалмаған жыныстық қатынастарға ықпал етеді. Инъекциялық қолдану
ортақ инелер мен құралдарды пайдалану арқылы адам иммун тапшылығы вирусы берілу қаупін
күшейтеді. Зерттеулер көрсеткендей, жаңа психоактивті заттарды қолданушылар арасында адам иммун
тапшылығы вирусы позитивті жағдайлардың деңгейі жалпы популяциямен салыстырғанда жоғары.
Талқылау. Жаңа психоактивті заттар инъекциялық жолмен сирек қолданылуы мүмкін болғанымен, олар
адам иммун тапшылығы вирусының берілуінің жаңа жолдарын тудырады – жыныстық қатынастар
арқылы, қауіп-қатері жоғары мінез-құлық, заттың әсерінің болжап болмайтындығы арқылы. Бұл алдын
алудың жаңа тәсілдерін талап етеді: тек шприц алмасу емес, сонымен қатар ағартушылық жұмыс,
тестілеу, жастармен және осал топтармен жұмыс жүргізу қажет.
Қорытынды. Жаңа психоактивті заттарды қолданушылар арасында адам иммун тапшылығы вирусы
(АИТВ) инфекциясының эпидемиологиялық ерекшеліктері денсаулық сақтау саласындағы маңызды
бағыттардың бірі болып табылады. Мұндай заттарды тұтыну динамикасы мен үрдістерін ескере отырып,
бірнеше негізгі аспектілерге назар аудару қажет: жаңа психоактивті заттарды қолдану мен АИТВ
инфекциясының өзара байланысы, әлеуметтік-экономикалық факторлар, психологиялық аспектілер
және биологиялық ерекшеліктер.
Түйінді сөздер: жаңа психоактивті заттар, мінез-құлықтық қауіп факторлары, адам иммун тапшылығы
вирусынан туындаған инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ер адамдармен
жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар

количество просмотров / 👁 58

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *